15
декабрь
2025
2025 жылғы 15 желтоқсанда М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің өкілдері білім беру ұйымына келіп, 9-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға колледждегі мамандықтар, оқуға қабылдау талаптары, білім беру бағдарламалары мен болашақтағы еңбек нарығындағы мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ педагогикалық мамандықтың маңызы, артықшылықтары және кәсіби даму жолдары түсіндірілді.
Іс-шараға қатысқан оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Кәсіптік бағдар беру жұмысы оқушылардың болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауына ықпал етті.

