Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы №17 мектепте кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы №17 мектепте кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді
20
январь
2026

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы №17 мектепте кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы №17 мектепте кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді
2026 жылғы 20 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының өкілдері Семей қаласындағы №17 жалпы орта білім беретін мектептің 9–11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізді.
Кездесу барысында академия өкілдері оқушыларға ішкі істер органдарындағы қызметтің ерекшеліктері, құқық қорғау саласындағы мамандықтардың маңыздылығы, академияда білім алу шарттары, оқу үдерісі мен курсанттардың күнделікті өмірі туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, түсу талаптары, іріктеу кезеңдері, физикалық және психологиялық дайындыққа қойылатын талаптар түсіндірілді.
Шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқық қорғау саласында қызмет етудің жауапкершілігі мен артықшылықтары жайлы нақты мәлімет алды. Кездесу жас түлектерге болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беріп, отансүйгіштік рухты нығайтуға ықпал етті.
Аталған кәсіби бағдар беру жұмысы оқушылардың құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттырып, болашақта ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет етуге ниетті жастардың қатарын көбейтуге бағытталды.