02
март
2026
№17 мектептің 9 «А» сынып оқушылары жүлделі ІІ орын иеленді
2026 жылғы 3 наурыз күні Innovative College базасында мектеп оқушылары арасында танымдық-білім сайысы ұйымдастырылды. Аталған шараға Семей қаласындағы №17 жалпы орта білім беретін мектептің 9 «А» сынып оқушылары белсенді түрде қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
Сайыс барысында қатысушылар логикалық ойлау қабілеттерін, теориялық білімдерін және жылдам шешім қабылдау дағдыларын сынады. Әртүрлі бағыттағы тапсырмалар оқушылардың білім деңгейін жан-жақты бағалауға мүмкіндік берді. №17 мектептің 9 «А» сынып оқушылары ұйымшылдық пен жауапкершілік танытып, өздерін үздік қырынан көрсете білді.
Нәтижесінде мектебіміздің оқушылары жүлделі ІІ орын иегері атанып, оқу ордамыздың абыройын асқақтатты. Бұл жетістік – оқушылардың тиянақты дайындығы мен табандылығының, сондай-ақ жетекшілерінің кәсіби қолдауының жемісі.
Мектеп ұжымы жас дарындарды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларына тілектестік білдіреді. Осындай білім додалары оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға, өз мүмкіндіктерін кеңінен танытуға үлкен серпін беретіні сөзсіз.

