05
март
2026
5 наурыз күні СФЭК колледжі мамандары №17 орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында арнайы кездесу өткізді.
СФЭК колледжі мамандары №17 орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында арнайы кездесу өткізді. Іс-шараға мектептің 9-сынып оқушылары қатысып, колледждің білім беру бағдарламалары, мамандықтары және оқу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды.
Кездесу барысында колледж өкілдері оқу орнының артықшылықтарын, студенттерге жасалған жағдайларды, сондай-ақ болашақ мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндірді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, колледждегі оқу үдерісі мен мамандықтар туралы кеңірек мәлімет алды.
Мұндай профориентациялық кездесулер оқушыларға болашақ мамандығын дұрыс таңдауға, өз қабілеті мен қызығушылығына сай бағыт анықтауға үлкен мүмкіндік береді.

