27
апрель
2026
ҚҰТТЫҚТАУ!
ППҚҚ кабинетінің 3 “В” сынып оқушысы Хамит Мансур халықаралық деңгейде өткен “Көпжанрлы өнер” байқауына қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
Осы байқауда Мансур ерекше өнерімен көзге түсіп, Түркияның Стамбул қаласында өтетін халықаралық көпжанрлы өнер байқауына қатысуға жеңілдік сертификатын жеңіп алды!
Бұл – жас таланттың еңбегі мен шығармашылық қабілетінің жарқын дәлелі. Мансурдың жетістігі – ұстаздарының, ата-анасының қолдауы мен өзінің табандылығының нәтижесі.
Біз Хамит Мансурды осы тамаша жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз және алдағы халықаралық байқауда сәтті өнер көрсетуіне зор сенім білдіреміз!
Жеңістерің көп болсын, өнерің өрлей берсін! 🎉🌟

