«Отбасы – бақыт мекені» » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

07
сентябрь
2026

«Отбасы – бақыт мекені»

2026 жылғы 7 қыркүйек күні Отбасы күніне орай №17 жалпы орта білім беретін мектебінде «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңызын түсіндіру, отбасылық және ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ата-анаға құрмет, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық көрсету қасиеттерін қалыптастыру.
Тәрбие сағаттары барысында сынып жетекшілері оқушылармен отбасы құндылықтары, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық, отбасындағы өзара түсіністік пен жауапкершілік тақырыптарында әңгіме жүргізді. Оқушылар өз отбасындағы дәстүрлер туралы ой бөлісіп, тақырыптық тапсырмалар орындап, пікір алмасты.
Өткізілген тәрбие сағаттары оқушылардың отбасы мүшелеріне деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыруға, мейірімділік, қамқорлық, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттерді бойларына сіңіруге бағытталды.
Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қымбат құндылық, ал берік отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен жарқын болашағының негізі.