14
сентябрь
2026
🇰🇿 «ҰЛТТЫҚ КИІМ КИЮ» КҮНІ
Бұл күні оқушылар мен педагогтер ұлттық нақыштағы киімдер мен әшекейлерді киіп, халқымыздың бай мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын дәріптейді.
Бастаманың мақсаты – жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру, салт-дәстүрімізге, мәдени мұрамызға құрметін арттыру және ұлттық киімнің ерекшелігі мен әсемдігін насихаттау.
Ұлттық киім – халқымыздың тарихы, талғамы мен рухани мұрасының көрінісі. Ұлттық құндылықтарымызды бірге дәріптейік!
Ұлттық киім – ұлттың айнасы, ұрпаққа аманат! 🇰🇿

