24
декабрь
2025
Қала әкімінің жаңа жылдық шыршасына оқушылар қатысты
2025 жылғы желтоқсан айының 24-і күні қала әкімінің ұйымдастыруымен дәстүрлі жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Мерекеге №17 мектептің оқушылары белсенді түрде қатысып, салтанатты шараның куәсі болды.
Шара барысында балаларды қала әкімі құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Сонымен қатар, оқушыларға қызықты ойындар, концерттік бағдарламалар және мерекелік сыйлықтар ұсынылды. Бұл іс-шара балаларға жаңа жыл мерекесінің шаттығын сезіндірумен қатар, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасады.
Мектеп әкімшілігі мен педагогтар оқушылардың мерекеге қатысуын қолдап, олардың мәдени шараларға белсенді қатысуы үшін барлық жағдайды қамтамасыз етті.![]()

