Тәжік-ауған соғысына – 25 жыл » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

04
февраль
2026

Тәжік-ауған соғысына – 25 жыл



Биыл Тәжік-ауған соғысының аяқталғанына 25 жыл толып отыр. Осы тарихи дата аясында ел тыныштығы жолында қызмет еткен ардагерлерге құрмет көрсету – маңызды міндет.

Семей қаласындағы №17 мектепте Тәжік-ауған соғысының ардагері, тарих пәнінің мұғалімі Оразбаев Есенғалий Найманғазинович табысты еңбек етіп келеді. Ол өз өмірлік және әскери тәжірибесін оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдаланып, білім алушыларды отансүйгіштікке, ел тарихын құрметтеуге тәрбиелеуде.

Ерен еңбегі, кәсіби шеберлігі және жас ұрпаққа сапалы білім берудегі адал қызметі үшін, сондай-ақ Тәжік-ауған соғысының 25 жылдығына орай Оразбаев Есенғалий Найманғазинович Семей қаласы Білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Бұл марапат – ұстаздың елге сіңірген еңбегі мен педагогикалық қызметіне көрсетілген зор құрмет.