10 «А» сыныбында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған сынып сағаты өтті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » 10 «А» сыныбында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған сынып сағаты өтті
06
март
2026

10 «А» сыныбында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған сынып сағаты өтті


Мектепте 10 «А» сыныбында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ерекше әрі әсерлі сынып сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – қыз балаларға құрмет көрсету, олардың қоғамдағы орнын бағалау және мерекелік көңіл-күй сыйлау болды.

Сынып сағаты барысында қыздардың әкелері мен ағалары мектепке арнайы келіп, қыздарға құшақ-құшақ гүлдер табыс етті. Бұл көрініс өте әсерлі болып, қатысушылардың көңіліне ерекше жылулық сыйлады. Қыздар мұндай тосын сыйға қатты қуанып, мерекелік көңіл-күйге бөленді.

Сонымен қатар сыныптағы ұл балалар да қыздарға арнап сыйлықтар табыстап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара барысында сыйластық пен достықтың үлгісі көрсетіліп, барлығы көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

Осындай тәрбиелік мәні зор сынып сағаттары оқушылардың бір-біріне деген құрметін арттырып, мектеп өмірін одан әрі жандандыра түседі.