Жазғы демалыс кезіндегі балалар қауіпсіздігі – басты назарда » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » Жазғы демалыс кезіндегі балалар қауіпсіздігі – басты назарда
26
май
2026

Жазғы демалыс кезіндегі балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Жазғы демалыс кезіндегі балалар қауіпсіздігі – басты назарда
Мектебімізде ата-аналар жиналысы өткізіліп, жазғы демалыс кезеңіндегі оқушылардың қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Жиналыстың негізгі мақсаты – балалардың жаз мезгіліндегі бос уақытын тиімді ұйымдастыру және түрлі қауіп-қатердің алдын алу.
Кездесу барысында ата-аналарға судағы қауіпсіздік ережелері, жолда жүру мәдениеті, өрт қауіпсіздігі, интернеттегі қауіпсіздік және балалардың қараусыз қалмауы жөнінде маңызды ақпараттар берілді. Сонымен қатар, күннің ыстық уақытында сақтық шараларын сақтау, табиғат аясындағы демалыс кезінде қауіпсіздік талаптарын орындау қажеттігі ескертілді.
Мектеп әкімшілігі ата-аналарды балалардың күн тәртібін бақылауға, олардың қайда және кіммен жүргеніне назар аударуға шақырды. Балалардың қауіпсіздігі – ата-ана мен мектептің ортақ жауапкершілігі екені атап өтілді.
Жазғы демалыс барлық оқушы үшін қызықты, пайдалы әрі қауіпсіз өтуіне тілектеспіз!