«Білімім – Отаныма» атты соңғы қоңырау салтанаты өтті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » «Білімім – Отаныма» атты соңғы қоңырау салтанаты өтті
25
май
2026

«Білімім – Отаныма» атты соңғы қоңырау салтанаты өтті

«Білімім – Отаныма» атты соңғы қоңырау салтанаты өтті

Бүгін №17 жалпы орта білім беретін мектебінде 9, 10, 11-сынып оқушыларына арналған «Білімім – Отаныма» атты соңғы қоңырау салтанатты іс-шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Мерекелік жиында мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілініп, ұстаздарға алғыс айтылды. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, жүрекке жылы әсер сыйлаған әндер мен әсерлі қойылымдар көпшілік көңілінен шықты.

Іс-шара барысында мектеп мақтанышына айналған дарынды түлек Рысқазы Ұлжанның Shakarim University грантын жеңіп алғаны ерекше қуанышпен хабарланды. Бұл – білім мен табандылықтың, ұстаздар еңбегінің жарқын жемісі.

Сонымен қатар, оқу жылының аяқталуына орай облыстық AMANAT партиясы тарапынан №17 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Калиева Жанат Бекайдаровна алғыс хатпен марапатталды. Ұстаздың шәкірт тәрбиелеудегі ерен еңбегі мен білім саласына қосқан үлесі жоғары бағаланды.

«Білімім – Отаныма» атты салтанатты кеш – мектеп тарихындағы жарқын сәттердің бірі болып, түлектердің жүрегінде ұмытылмас естелік ретінде сақталары сөзсіз.

#ҰстазғаҚұрмет
#Amanatпартиясы
#ҰстазАманаты