«Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық»
"№17 ЖОББМ" КММ мектебінде «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық» тақырыбында 7-11 сынып оқушыларына арналған профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараға Затон ПБнің инспекторлары қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық ұғымын түсіндіру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жиын барысында полиция қызметкерлері оқушыларға отбасындағы және қоршаған ортадағы зорлық-зомбылық түрлері, оның заң алдындағы жауапкершілігі туралы кеңінен мағлұмат берді. Инспекторлар жасөспірімдерге қиын жағдайға тап болған кезде кімнен көмек сұрау керектігін түсіндіріп, сенім телефондары мен дағдарыс орталықтары туралы ақпаратпен бөлісті.
Негізгі талқыланған мәселелер:
Тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері және одан қорғану жолдары;
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері;
«Буллинг» және «Кибербуллинг» мәселелері;
Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік.
Іс-шара соңында «Сұрақ-жауап» форматында ашық диалог ұйымдастырылып, оқушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
Мектеп әкімшілігінің айтуынша, мұндай профилактикалық шаралар оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруда және келеңсіз жағдайлардың алдын алуда маңызды рөл атқарады.

