26
декабрь
2025
Жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік қолдау көрсетілді
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ТОО «2GIS-Semey» басшылығы №17 мектептің аз қамтылған және көп балалы 5 отбасына әлеуметтік қолдау көрсетті.
Игі шара аясында отбасыларға азық-түлік себеттері, сондай-ақ балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтар мен тәттілер салынған қапшықтар табысталды. Бұл қолдау ата-аналар мен балаларға мерекелік көңіл күй сыйлап, жаңа жылды қуанышпен қарсы алуға мүмкіндік берді.
Шара барысында ата-аналар мен оқушылар көрсетілген қамқорлық пен қолдау үшін ТОО «2GIS-Semey» басшылығына шынайы алғыстарын білдірді. Мұндай әлеуметтік жауапкершілікке бағытталған бастамалар қоғамда мейірімділік пен бірлікті нығайтуға үлес қосады.
№17 мектеп әкімшілігі демеушілерге алғыс айтып, алдағы уақытта да осындай игі істердің жалғасын табарына сенім білдірді.

