Тәрбие жұмысы » Страница 137 » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

Ұстаздар күні
05
октябрь
2023
Ұстаздар күні
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  мейірімді абзал  жандар.  «Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  демекші, ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер шамшырақ  секілді. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білген 11"а",11"ә"11"б" оқушыларының ұстаздарды таңғы құттықтаулары.
"ҰСТАЗ ОҚУШЫ КӨЗІМЕН"
02
октябрь
2023
"ҰСТАЗ ОҚУШЫ КӨЗІМЕН"
https://www.instagram.com/reel/Cx4uKrdMnAX/?utm_source=ig_web_copy_link
Қарттар және ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған лездеме
02
октябрь
2023
Қарттар және ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған лездеме
Ұстаздар мерекесіне орай "Ұстаз - ұлы тұлға" және Қарттар күніне арналған  "Қарты бар үйдің қазынасы бар" тақырыптарында 1 және 2 ауысым оқушыларында лездеме өткізілді. Жауапты сыныптар: 4"А", 4 "В", 8 "А", 8 "В", 11 "А", 11 "Б". Лездемеде оқушылар мерекеге арналған әдемі өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды.
Қарттар күні
29
сентябрь
2023
Қарттар күні
Қарттар күніне орай  мектебіміздің  8 сынып оқушылары қазналы  қарттарымызды үйлеріне құттықтап барып қайтты. Оқушыларды көпті көрген дана-гөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ата - баба аманатына адал, ұлттық тәлім - тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға болуларына тәрбиелеу.
"Ана тілім-тірегім"  атты қалалық сайыс
27
сентябрь
2023
"Ана тілім-тірегім" атты қалалық сайыс
Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру мақсатында  өткен "Ана тілім-тірегім"  атты қалалық сайыста 4 "Б" сынып оқушысы Жарылғасынова Ясина 2-орынға ие болды. Жетекшісі: Бейсембаева А.Б.
"Жолда жүру қауіпсіздігі және мектепке келу, кету ережелері" тақырыбында лездеме өткізілді.
25
сентябрь
2023
"Жолда жүру қауіпсіздігі және мектепке келу, кету ережелері"
Бүгін 25.09.2023ж "Жолда жүру қауіпсіздігі және мектепке келу, кету ережелері" тақырыбында лездеме өткізілді. Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жол қауіпсіздігін сақтауға үйрету, жол ережесінің белгілерімен таныстыру, оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтай білуге тәрбиелеу.