7 «А» сынып ата-аналарымен психологиялық тренинг өтті
2026 жылғы 22 қаңтарда 7 «А» сынып оқушыларының ата-аналарымен психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі психологиялық жауапкершілігін арттыру, ата-ана мен мектеп арасындағы серіктестікті нығайту.
Іс-шара барысында ата-аналар белсенді қатысып, өзара қарым-қатынасты, байқампаздық пен қолдаудың маңызын тәжірибе арқылы сезінді.
«Байқампаздық» психологиялық жаттығуы
Жаттығудың мақсаты – ата-аналардың баланың сыртқы келбеті, эмоциялық күйі мен мінез-құлқына деген байқампаздығын анықтау. Жаттығу ата-аналарға баланың күнделікті өмірінде ұсақ көрінетін, бірақ маңызды психологиялық белгілерге мән берудің қажеттігін көрсетті.
«Бір қол» психологиялық әдісі
Бұл әдістің негізгі идеясы – баланың тұлғалық дамуы мен психологиялық саулығына тек мектеп емес, ата-ана да бірдей жауапты екендігін түсіндіру.
Ата-аналарға тек бір қолмен қарапайым әрекеттерді орындау ұсынылды (қағаз қию, жапсыру, пішін құрастыру). Жаттығу барысында ата-аналар қиындықты, баяулықты және қолдаудың жетіспеуін сезінді.
Талқылау кезеңінде ата-аналар келесі сұрақтар төңірегінде ой бөлісті:
- Бір қолмен жұмыс жасау қандай эмоция тудырды?
- Қолдау болғанда нәтиже қалай өзгерер еді?
- Бұл жағдайды бала тәрбиесімен қалай байланыстыруға болады?
Психологиялық қорытынды:
- Бір қол – мектептің кәсіби ықпалы
- Екінші қол – ата-ананың эмоциялық қолдауы
- Баланы тек мектепке арқа сүйетіп тәрбиелеу жеткіліксіз
- Ата-ана мен мектептің өзара түсіністігі баланың психологиялық тұрақтылығын қалыптастырады
- Бірлескен тәрбие – баланың толыққанды дамуының негізі
Тренинг ата-аналарға терең ой салып, өз баласына деген көзқарасын қайта қарауға мүмкіндік берді. Іс-шара жылы психологиялық ахуалда өтіп, ата-аналар мектеп психологымен алдағы уақытта да тығыз байланыста жұмыс істеуге ниет білдірді.
Педагог-психолог Базарова Э.Н.
Сынып жетекші Искакова Д.С.

