5 «Ә» сыныбында «Жалғастырайық!» психологиялық тренингі өткізілді
2026 жылғы 13 қазан күні 5 «Ә» сынып оқушыларымен жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Жалғастырайық!» атты психологиялық тренинг өткізілді.
Тренинг барысында оқушылар топтарға бөлініп, қызықты шығармашылық тапсырманы орындады. Әр қатысушы қағазға кейіпкердің белгілі бір бөлігін салып, оны келесі оқушыға жалғастыруға ұсынды. Ойын соңында оқушылар бірлесіп жасаған ерекше әрі көңілді кейіпкерлерін тамашалады.
Жаттығу оқушылардың қиялын дамытуға, бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс істеуге, еркін қарым-қатынас жасауға және жағымды эмоциялармен бөлісуге мүмкіндік берді.
Тренинг соңында оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара көңілді әрі достық атмосферада өтті.
Педагог-психолог Базарова Э.Н.
Сынып жетекші Қыдырбекова Н.Қ.

