Көңілді үзіліс — жарқын эмоциялар мен бірліктің көрінісі » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » Көңілді үзіліс — жарқын эмоциялар мен бірліктің көрінісі
06
февраль
2026

Көңілді үзіліс — жарқын эмоциялар мен бірліктің көрінісі

Мектебімізде ұйымдастырылған «Көңілді үзіліс» іс-шарасы жоғары деңгейде өтіп, оқушыларға ерекше көңіл күй сыйлады. Бұл жарқын сәттің жүзеге асуына мектеп парламентінің белсенді еңбегі зор үлес қосты.
Іс-шара барысында түрлі қызықты ойындар ойнатылып, көңілді атмосфера қалыптасты. Оқушылар бір-бірімен жақынырақ танысып, ұйымшылдық пен достықтың маңызын тереңірек сезінді. Күлкіге толы сәттер мен көтеріңкі көңіл күй қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды.
Осындай белсенді шаралар мектеп өмірін жандандырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ олардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтуға ықпал етеді.
Алдағы уақытта да осындай мазмұнды іс-шаралар жалғасын табады деген сенімдеміз.
Тәлімгер: Қалимолда А.Б. https://www.instagram.com/mektep17_parlament/reel/DUap5hEiIpmPwrdCteF_38icX1Mahz1Ik2arYo0/