28
январь
2026
Түркістанда өткен республикалық жарыста жерлесіміз Айару Ермекова жүлдегер атанды
ТҮРКІСТАН, 25 қаңтар 2026 жыл — Қазақстанның рухани астанасы Түркістан қаласында өткен Кекушинкай Каратэ республикалық турнирде Ермекова Айару үздік өнер көрсетіп, құрметті 3-орынды иеленді.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спортшыларының арасында Айару өзінің шеберлігі мен жеңіске деген ерік-жігерін дәлелдеп, қола жүлдені қанжығасына байлады.
Бұл жеңіс — тек Айарудың ғана емес, оның жаттықтырушылары мен қолдау көрсеткен жақындарының ортақ жетістігі. Түркістан төріндегі бұл марапат алдағы үлкен белестердің бастамасы боларына сенімдіміз.

