04
май
2026
14–15 жас санатында бақ сынаған Радомир Бугров жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Өскеменде «Динамо» қоғамының 100 жылдығына арналған каратэ турнирі өтті. Өскемен қаласы, 2026 жыл — Қаламызда Со-киокушинкай кан каратэден «Воин Востока» IV Ашық турнирі мәресіне жетті. Биылғы дода Қазақстан Республикасы «Динамо» спорт қоғамының 100 жылдық мерейтойына арналды. Турнир нәтижесі бойынша 14–15 жас санатында бақ сынаған Радомир Бугров жүлделі ІІІ орынды иеленді. Ол жоғары шеберлік пен жеңіске деген жігерлігін көрсетіп, «Динамо» қоғамы мен облыстық федерация басшылығының дипломымен марапатталды. Бұл жетістік өңіріміздегі бұқаралық спорттың дамуын және жас спортшыларымыздың халықаралық деңгейге дайындығын айқындайды.




