Алматы қаласында «ДосболLIKE» бағдарламасы бойынша өңірлік семинар өтті. » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » Алматы қаласында «ДосболLIKE» бағдарламасы бойынша өңірлік семинар өтті.
24
апрель
2025

Алматы қаласында «ДосболLIKE» бағдарламасы бойынша өңірлік семинар өтті.

Алматы қаласында «ДосболLIKE» бағдарламасы бойынша өңірлік семинар өтті.
2025 жылғы 23 сәуірде Алматы қаласында «Пилоттық білім беру ұйымдарында "ДосболLIKE" бағдарламасының аралық нәтижелерін талдау» тақырыбында өңірлік семинар өтті. Іс-шара офлайн форматта ұйымдастырылып, еліміздің әр өңірінен келген педагогтар мен мамандарды біріктірді.

Семинар жұмысына мектебіміздің атынан мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Адамбаева Ж.Б., 8 «Б» сыныбының жетекшісі Советова М.С. және педагог-психолог Базарова Э.Н. қатысты.

Іс-шара барысында бағдарлама енгізілген мектептердегі аралық нәтижелер, оқушылардың эмоциялық әл-ауқаты, бір-бірімен қарым-қатынас мәдениеті, достық, жанашырлық және құндылықтық бағдарлар бойынша оң өзгерістер талқыланды. Сонымен қатар, семинар қатысушылары тәжірибе алмасып, "ДосболLIKE" бағдарламасын тиімді жүзеге асыру жолдарын ортаға салды.