Инклюзияны қолдау кабинетінің мамандары аймақтық семинар-практикумға қатысты » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » » Инклюзияны қолдау кабинетінің мамандары аймақтық семинар-практикумға қатысты
26
октябрь
2023

Инклюзияны қолдау кабинетінің мамандары аймақтық семинар-практикумға қатысты

       Абай облысы білім басқармасының «№5 мектеп- интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  24.10.2023 жылы заманауи  инклюзивті білім берудегі озық тәжірибелер мен әдістерді үйретуге, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ осы саладағы құнды білім мен практикалық тәжірибе алмасу мақсатында «Табысты оқушыдан - табысты тұлғаға» тақырыбында арнайы түзеу мекемелерінің қызметкерлеріне арналған аймақтық семинар-практикумы өткізілді. 
Өткізілген форматы және бағыттары: «Мерейтойлық жыл шежіресі» ақпараттық-практикалық алаңдарға қатысу
Семинарға қатысушылар: Инклюзия қолдау кабинетінің жетекшісі Абишева Мейрамгуль Болатбековна және әлеуметтік педагогы Төлеубекова Ғазиза Қадырқызы. Мектеп-интернаты заманауи инклюзивті білім беруде, білім алушыларға тиімді барлық жағдай жасалған. Мектеп ұстаздары мен оқушылары өте жоғары деңгейде дайындалған. 
Семинар-практикум қатысушылары инклюзия қолдау кабинетінің мамандарымен, педагог-ассистенттермен және психологпен семинар-практикум барысында алған әдіс-тәсілдерімен, әр алуан құралдардың қолдану тиімділігімен бөлісті.