12
октябрь
2023
Мектебімізде Инклюзияны қолдау кабинеті (ИҚК) ашылды және қалалық оқыту семинары өтті
Мектеп директоры Жумаканова Райгуль Ешенгазиновнаның бастамасымен мектебімізде екінші инклюзияны қолдау кабинеті (ИКҚ) ашылды. Инклюзияны қолдау кабинетінің ашылуына орай мектебімізде қазан айында "Инклюзивті білім берудің нормативті-құқықтық негізі" тақырыбында қалалық оқыту семинары өтті. Семинарға қалалық мектеп директорларының орынбасарлары және мектеп психологтары қатысты. Семинар қатысушылары мектептегі ашылған инклюзияны қолдау кабинетімен, мамандардың жұмыс жоспарларымен танысты. Семинарда инклюзивті білім туралы берілген ұсыныстар мен мәліметтер педагогтар үшін өте құнды болды.
Қазыргы уақытта 2023-2024 оқу жылында инклюзивті білім беруді аясында мектепте 66 оқушы оқиды. ҚР Білім министрлігі мектептерде оқыту барысында ерекше балаларды ертіп жүретін педагог-ассистенттер лауазымын енгізгендігі белгілі. Қазір елімізде 1500-ден астам педагог-ассистент білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға, сондай-ақ үйде оқитындарға көмектеседі. Біздің мектепте 21 оқушы педагогикалық ассистенттердің сүйемелдеуімен оқытылуда. Биылғы жылы мектебімізде ерекше қабілеттері бар оқушыларды қолдау мақсатында инклюзияны қолдау кабинетіне осы оқушылармен толық жұмыс жасау үшін ИҚК мұғалімі, психолог, логопед, дефектолог және әлеуметтік педогогқа штаттық бірліктер берілді.