Соңғы қоңырау 2025! » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

24
май
2025

Соңғы қоңырау 2025!

2025 жылдың 24 мамыр күні №17 жалпы орта білім беретін мектепте мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты іс-шара өтті. 37 түлек білім ордасымен қоштасып, үлкен өмір жолына алғашқы қадам жасады. Салтанатты шарада үздік оқушылар, пәндік олимпиада мен байқаулардың жеңімпаздары аталып, мұғалімдерге алғыс хат табысталды.

2025 жылы №17 жалпы орта білім беретін мектебіміз үлкен жетістікке қол жеткізді – Қазақстан Республикасының үздік 100 мектебі қатарына енді!

Іс-шараның құрметті қонақтары:

▪️Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Масалимова Бақытгүл Ешенгазиновна.
▪️Оқу-ағарту министрлігінің өкілі, Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Садыкова Гүлнұр Нұрсейтовна.
▪️Абай облысының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Амирханова Макия Кобентаевна.
▪️Әлихан Бөкейханов университетінің филология ғылымдарының кандидаты Доскеева Шайза Асанқызы.

Қонақтар жас түлектерге жүрекжарды тілектерін айтып, ақ жол тіледі.