24
май
2025
Үздік мектеп - 2025
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті білім беру ұйымдарының қызметіне кешенді талдау жүргізіп, анықтаған еліміздегі ең үздік 100 мектептің қатарында Семей қаласының №17 орта мектебі де бар.
Мектептегі инклюзияны қолдау кабинеті ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚ) оқушыларға қолайлы, бейімделген білім беру ортасын қамтамасыз етуде. ЕББҚ бар оқушыларға жеке көмек көрсетіп, педагогтер мен ата-аналарға әдістемелік, психологиялық қолдау береді. Арнайы педагог, дефектолог, логопед, психологтардың жұмысын үйлестіреді.
✔️ Бағалау кезінде білім беру сапасын сырттай бағалау нәтижелері, халықаралық зерттеулерге қатысу, МОДО, мемлекеттік аттестаттау қорытындылары, оқушылардың жетістіктері, педагогтердің біліктілігі, инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау, тәрбие жұмысының тиімділігі, қолайлы мектеп ахуалы, ғылыми, экологиялық және әлеуметтік жобаларға қатысу бойынша бақылау және бағалау іс-шараларының қорытындылары негізінде кешенді талдау жүргізілді. Сонымен қатар басқарудағы ашықтық қағидаттары да ескерілді.
Бастама орта білім беру сапасын арттыруға және балаларды оқыту мен тәрбиелеу бойынша тиімді әдістемелерді таратуға бағытталған және ол жыл сайынғы практикаға айналады.