Терроризм мен діни экстремизмнің алдын-алу жұмысының жылдық есебі » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » Терроризм мен діни экстремизмнің алдын-алу жұмысының жылдық есебі
27
май
2024

Терроризм мен діни экстремизмнің алдын-алу жұмысының жылдық есебі

№17 жалпы орта білім беретін мектептің  

Терроризм мен діни экстремизмнің алдын-алу жұмысының жылдық есебі

2023-2024 оқу жылы жұмыстары


     2023 жылдың 9 қаңтарында №17 мектепте діни экстремизм және терроризмнің алдын-алу мақсатында мектеп оқушылары арасында “Діни теріс ағымдар, олардың дәстүрлі діннен айырмашылығы” тақырыбында Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Байжокенов Еркебұлан мен Ішкі саясат бөлімінің маманы Амангелдіұлы Жасұлан баяндама жасап, қазіргі кездегі қоғамға қауіп төндіретін діни ағымдар, қоғамдық тәртіп, жеке адамның құқығы мен міндеттері туралы жастар үшін өте маңызды да мағыналы тақырыптарды қозғап, ой бөлісті. Оқушылар өздерін ойландырып жүрген сұрақтарына жауап алып, діни экстремизм туралы білімдерін толықтырды.https://www.instagram.com/p/C13kaQXNRhl/?hl=ru

    2024 жылдың 27 наурызында мектеп ұжымымен «Терроризмнің алдын алу және террористік іс-қимыл кезіндегі педагогтердің, білімалушылардың, персоналдың іс-әрекеті» тақырыбында дәріс сабағы өтті.
Дәріс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нурпеисова Е. Б. ұжымды терракт кезіндегі міндеттері мен іс-қимылдар алгоритмімен таныстырды.
Жиын соңында 4-тоқсанда сынып жетекшілеріне оқушылармен ұсынылған тақырыптарда оқу-жаттығуларын, тәрбие сағаттарын өткізу ұсынылды.
https://www.instagram.com/p/C5BAR5KNpVd/?hl=ru&img_index=1