Абай облысында пән мұғалімдерінің ІІІ облыстық форумы өтті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

26
май
2025

Абай облысында пән мұғалімдерінің ІІІ облыстық форумы өтті

Абай облысы педагогтеріне арналған дәстүрлі «Сапалы білім: стратегия, инновация және тәжірибе» III облыстық форумы өз деңгейінде өтті.

Форумның басты мақсаты – педагогтердің кәсіби және тұлғалық дамуына қолдау көрсету, білім беру сапасын арттыруға бағытталған тиімді стратегиялар мен заманауи тәжірибелерді талқылау болды.

Секциялық отырыстар барысында педагогтер өз пәні аясында тәжірибе алмасып, кәсіби дамуға бағытталған шешімдер мен жаңа тәсілдерді, тиімді әдістерді ортаға салды.

Осы маңызды шарада мектебіміздің педагог-ассистенті Байжуманова Ботагөз Мамытқановна өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, әріптестерімен тәжірибе алмасты. Бұл – ұжымымыз үшін үлкен мақтаныш.

Әріптесімізді құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен кәсіби биіктер тілейміз!

https://www.instagram.com/p/DKHKm_BN51F/?img_index=16&igsh=dWJkazkycHFocGNo