Коучинг «Рефлекциялық есептің құрылымы, маңыздылығы» » КГУ СОШ № 17
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №17
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Бухгалтерия
+7(7222) 42-45-42
Версия для
слабовидящих

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » Коучинг «Рефлекциялық есептің құрылымы, маңыздылығы»
22
ноябрь
2017

Коучинг «Рефлекциялық есептің құрылымы, маңыздылығы»

2017 жылғы 18 қараша күні Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-де мектеп басқармасының қолдауымен «Рефлекциялық есептің құрылымы, маңыздылығы» атты  коучинг өткізілді. 
Коучингті ұйымдастырушылар: Бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі Аглакова С.Т, биология пәнінің мұғалімі Н.Бейсенбаева  
«Рефлекциялық есептің құрылымы, маңыздылығы» атты коучингке - 24 мұғалім қатысты. 
Семинардың мақсаты - Рефлекциялық есептің құрылымы, маңыздылығы ұғымдары жайлы түсінік қалыптастыру. Білім беру жүйесін дамытудың сапалы жаңа әдіснама жағдайында тәжірибе алмасу – нәтижеге және келесі сұрақтарға пікір білдірудің бағдарын есепке ала отырып білім беру технологияларын, мазмұнын жаңарту: 
- Рефлекциялық есептің құрылымы, маңыздылығы; 
- мұғалімнің үздіксіз кәсіби даму саласындағы өзгерістер; 
Коучинг барысында  (қазақ және орыс тілдерінде), педагогикалық идеялар панорамасы, постерлер қорғалды, диалогтық алаңшалар жұмыс жасады.    
 «Рефлекциялық есептің құрылымы, маңыздылығы» педагогтар коучингтік тәсілді білім беру ортасына енгізудің жолдарын қарастырды. Ол оқыту үдерісін барынша жекешелендіруге және коучингті мұғалімнің әдістемелік және кәсіби құзыреттілігін дамытудың ықпалды механизмі ретінде пайдалануға мүмкіндік беретінін  педагогтар  өз   тәжірибелерінде   дәлелдей  білді.   
 «Зерттеу қызметі арқылы мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру» зерттеушілік қабілетті, педагогтардың кәсіби қалыптасуына кепілдік беретін мәселелерді шешуге ғылыми тұрғыдан қарау қабілетін  жетілдіру мен  дамытуды  жалғастыруға шешім қабылданды. 
«Мұғалім практикасындағы рефлексия» секциясының мұғалімдері педагогикалық рефлексияны дамыту бойынша – педагогтың кәсіби  жетілуінде    теориялық және практикалық материалды жетілдіру қажет деген  пікірге  келді.   
   Коучинг жұмысы  қорытындыланып, бағалау парағы алынды.