17-мектеп асханасында бракераждық комиссия жоспарлы мониторинг жүргізді » КГУ СОШ № 17
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №17
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Бухгалтерия
+7(7222) 42-45-42
Версия для
слабовидящих

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » 17-мектеп асханасында бракераждық комиссия жоспарлы мониторинг жүргізді
05
декабрь
2025

17-мектеп асханасында бракераждық комиссия жоспарлы мониторинг жүргізді

2025 жылдың 5 желтоқсан күні 17-мектепте оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулықтарын қамтамасыз ету мақсатында мектеп асханасына бракераждық комиссияның кезекті мониторингтік тексерісі жүргізілді. Комиссия құрамында мектеп әкімшілігі, медбике, ата-аналар комитетінің өкілдері және жауапты мамандар болды.
Мониторинг барысында асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы, тағамдардың сапасы мен сақтау талаптары, мәзірдің баланстылығы, қызметкерлердің арнайы талаптарды сақтау деңгейі жан-жақты қаралды.
Тексеру нәтижесі бойынша асхана жұмысының қанағаттанарлық әрі талапқа сай екені анықталды. Тағамдардың сапасы мен дайындау технологиясы мемлекеттік санитарлық нормаларға сәйкес келеді. Сонымен қатар, комиссия мүшелері асхана қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалап, оқушыларға қолайлы әрі таза орта қалыптастырылғанын атап өтті.
Бракераждық комиссия мектеп асханасына алдағы уақытта да жоспарлы түрде бақылау жүргізіп, оқушылардың дұрыс тамақтануына жағдай жасау бағытында жұмыстарды жалғастыратын болады.