24
ноябрь
2023
«Баланың бас ұстазы – ата-ана»
2023 жылдың 24 қазан күні №17 жалпы білім беретін орта мектебінің 5-9-сынып аралығындағы ата-аналармен «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» бағдарламасының жоспарына сәйкес «Баланың бас ұстазы – ата-ана» атты позитивті ата-ана болудың алғышарттары туралы танымдық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты - оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту.
Ата-аналар мектебінің жетекшісі Жалдыбаева Н.Қ. позитивті ата-ана болу дегеніміз не, позитивті ата-ана болудың қағидаттары мен ережелері, тәрбие әдістері, тәсілдері, қажетті ресурстар қандай болу керек деген сұрақтарға жауап берді. 5 «Ә» сыныбының жетекшісі Болатова А.Б. ата-аналармен «Сіздің балаңыздың күшті жақтары» атты тренинг өткізді.
Сабақ барысында тақырыпқа сәйкес бейнесюжеттер, жағдаяттар келтіріліп, ата-аналардың ойы тыңдалды, психолог мамандар тарапынан сұрақтарға жауап, кеңес, ұсыныстар берілді.
Сабақ соңында ата-аналарға мектеп әрқашан сіздің көмекшіңіз, сырласыңыз, қандай мәселеңіз болса да педагогикалық ұжым сізге қолдау бере алады деген сенім ұялата алдық деп ойлаймыз.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей
#АПҚО_Абай_облысы_Семей