Нұрсейіт Алихан және Нұрсейіт Ермахан өнер көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді. » КГУ СОШ № 17
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №17
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Бухгалтерия
+7(7222) 42-45-42
Версия для
слабовидящих

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » Нұрсейіт Алихан және Нұрсейіт Ермахан өнер көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді.
09
декабрь
2025

Нұрсейіт Алихан және Нұрсейіт Ермахан өнер көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді.







Семей қаласында өткен "ALTYN ABAI" халықаралық көпжанрлы конкурсында "Мәдениет" өнер орталығының шәкірті Нұрсейіт Алихан және Нұрсейіт Ермахан өнер көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді.

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орайластырылған және "Энергия осени" тақырыбы аясында өткен байқау дарынды жастардың басын қосты. Нұрсейіт Алихан ұлттық өнерімізді дәріптеп, "Төпеңкөк" күйін нақышына келтіре орындады. Оның аспапта ойнау шеберлігі мен сахналық мәдениеті қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.

Бұл жеңіс – дарынды шәкірт пен білікті ұстаздың бірлескен еңбегінің нәтижесі. 

Байқаудың қазылар алқасы құрамында мәдениет және өнер саласының белгілі майталмандары: жоба директоры А.С. Ахметжанова, Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен М.А. Бахатова, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері Г.Р. Ноғайбаева және Әміре Қашаубаев атындағы филармония әртісі Ж.А. Азилкияшева төрелік етті.

"Мәдениет" өнер орталығы өз шәкірттерінің жетістігімен мақтанады және Нұрсейіт Алиханға және Ермаханға алдағы уақытта да шығармашылық биіктерден көріне беруін тілейді.