Тәрбие жұмыс жоспарының орындалу деңгейін, оңды, теріс жақтарын нақты ашып көрсету, сараптама жасау » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » Тәрбие жұмыс жоспарының орындалу деңгейін, оңды, теріс жақтарын нақты ашып көрсету, сараптама жасау
27
май
2024

Тәрбие жұмыс жоспарының орындалу деңгейін, оңды, теріс жақтарын нақты ашып көрсету, сараптама жасау

Тәрбие жұмыс жоспарының орындалу деңгейін, оңды, теріс жақтарын   нақты ашып көрсету, сараптама жасау

Қазақстан Республикасындағы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытындағы тәрбиелік іс-шаралардың жүйелілігін арттыру мақсатында тәрбие жұмысын жүргізуге мазмұнды жоспар құрылды. Жыл бойы жұмыс жоспары құрылып, сынып жетекшілерге ұсынылып  осы жоспардың орындалуы қадағаланып отырады.

Тәрбие жұмысы біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Бағдарлама жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде адал азаматты тәрбиелеуді көздейді. Білім беру ұйымдарының барлық тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, алғыс айту, ілтипат, талап сияқты құндылықтар көрініс табуы қажет. Білім беру ұйымдарында білім алушыларды тәрбиелеу ісі: 

- оқу пәндерінің мазмұны;

 - сынып сағаттары мен тәрбиелік іс-шаралар; 

- сыныптан тыс іс-әрекеттер мен қосымша білім беру (үйірмелер, клубтар, секциялар, факультативтер және т.б.) арқылы жүзеге асырылады.

Білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда келесі тақырыптар бойынша сынып сағаттарын өткізу ұсынылды:

 «Ар-ұят және жауапкершілік» 

«Біздің қоғамдағы әділеттілік»

 «Іс-әрекеттегі мейірімділік»

 «Мейірімділік құндылығы»

 «Күнделікті өмірдегі адалдық»

 «Этикалық құндылықтарды дамыту»

 «Отаншылдық және оның мәні»

 «Біздің қоғамдағы азаматтық жауапкершілік» 

«Еңбекқорлық және оның табысқа әсері»

 «Ұлттық мұраны, қазақ тілін ұлықтау» 

«Қоғам игілігіне қызмет ету» 

«Денсаулық және дұрыс тамақтану мәдениеті»

 «Салауатты өмір салтындағы дене белсенділігінің рөлі» 

«Зиянды әдеттер және олардың денсаулыққа әсері»

 «Құқықтық мәдениет және оның маңызы»

 «Қазіргі әлемдегі цифрлық сауаттылық» және басқалар

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының бағыттары бойынша жүргізілген жұмыстар бойынша 2023-2024 оқу жылында мектеп оқушылары пәндік олимпиадалар мен интеллектуалдық байқаулардан басқа, спорттық, шығармашылық байқауларда үлкен жетістіктерге жетті.

«Ұлттық мүдде» құндылығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие бойынша 10 іс-шара, құқықтық тәрбие бойынша  11 іс-шара, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 4 іс-шара, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу үшін 8 іс-шара жоспарланып, жоспардан тыс 14 іс-шара, өз деңгейінде өткізілді.

Жоба

Іс-шаралар

сыныптар

«Қоғамға қызмет ет»

Волонтерлік қозғалыс, қайырымдылық акциялары, челлендждер, флешмобтар

5-11-сыныптар

«Еңбегі адал жас өрен» 

«Оян, ар мен адалдық» адалдық сағаттары

5-9-сыныптар

«Достық-көмекпен мықты» тәрбие сағаттары

1-4-сыныптар

«Мекенім-жасыл орманым» 

Ағаш отырғызу челленджі

1-11-сыныптар

«Жеткіншектің жеті жарғысы»

«Экологиялық калейдоскоп» фотосуреттер, жобалар байқауы

8-10-сыныптар

Ұлыстың ұлы күні 

Наурыз мерекесі

1-11-сыныптар

«Жеткіншектің жеті жарғысы»

«Сап түзе, жас сарбаз!» әскери спорттық сайыс

7-9-сарбаздар сыныбы

«Жеткіншектің жеті жарғысы»

«Халықтың ерлігі ғасырлар бойы өмір сүреді!» 9 мамыр-Жеңіс күніне арналған сынып сағаттары

1-11-сыныптар

Мектептегі «Асық ату» үйірмесінің жетекшісі    Ж.А. жетекшілігімен оқушылар ұлттық ойындар, асық, тоғызқұмалақ ойнауды жақсы меңгерген. Нәтижесінде оқушылар (Сағынғали Айгерім, Сейсапарова Мидина, Серік Диляра, Серғазы Сабина) қалалық, облыстық «Бес асық» біріншілігінде жүлделі орындарға ие болды.

Нәтижесінде:

Іс-шара

сыныбы

оқушы

нәтиже

Ұлы Отан соғысының ардагерлерін еске алуға арналған дзюдо күресінен қалалық ашық турнир

2 Ә сынып

Өмірғалиев Мадияр

ІІ орын

ҚР Спорт күніне арналған Кёкушинкай Каратэден«Рухы күшті» клубаралық қалалық ашық турнирі 

2 Ә сынып

Тлеуғазы Алинур

ІІ орын

Абай облысының Кёкушинкай Каратэден өткен чемпионаты

2 В сыныбы

Бақытбек Арнұр

ІІ орын

SO KYOKUSHIN KAIKAN KARATE спорты бойынша, Астана қаласында өткен ашық региональды турнирге

3 А сыныбы

Құндызбек Ильяс

І орын

Алматы қаласында Кеңес әскерлерінің ауғанстан шекарасынан шығарылуының 35 жылдығына арналған республикалық кубок

3 Ә сынып

Бақытжан Ескендір

ІІІ орын

Алматы қаласының балалар мен жасөспірімдер арасында өткен «Кекушинкай-каратэден республикалық Альянс біріншілігі

3 Ә сынып

Қабдылбек Иса

І орын

Семей қаласында өткен, Жақсылық Үшкемпіров атындағы №1 облыстық ОРМБЖСМ-ның ашық біріншілігінде дзюдо күресі

5 Ә сынып

Серік Әли

ІІІ орын

Асық атудың «Бес асық» кіші жасөспірімдер арасындағы Семей қаласының жекелей және командалық чемпионаты

5 Ә сынып

Сағынғали Айгерім

ІІ орын

Талдықорған қаласында өткенреспубликалық дзюдо жарысы

9 А сынып

Абильмажинов Мади

ІІІ орын

Панкратионнан Абай облысының чемпионаты 

9 А сынып

Мұратов Алинұр

ІІ орын

«Сезон-2024» велоспорттан қалалық марафон

7 А сынып

Абылкасымов Тұлға

ІІІ орын

Қорытынды: Жоспар бойынша 38 іс-шара жоспарланып жүзеге асырылды.

Ұсыныс: Келесі оқу жылында қалалық, облыстық әскери-патриоттық сайыстарға оқушыларды белсенді қатыстыру арқылы жоғары нәтижелерге жқол жеткізу.

2. Ар-ұят құндылығын жүзеге асыру мақсатында 9 іс-шара, адамгершілік, отбасылық, жыныстық тәрбие бойынша 5 іс-шара, балалар мен жасөспірімдердің теріс діни ағымдарға тартылуының алдын алу шаралары бойынша 4 іс-шара, жоспарланып, орындалды. 

Отбасы құндылығын насихаттау, сұлулық пен адамгершілік келісім құндылығы кездесу сағаттары, достық пен бірлік, ынтымақ негізінде психологиялық тренингтер, жақсы мінез бен ақыл құндылығы сағаты өтті.

Жоба

Өткізілген шаралар

сынып

«Оқуға құштар мектеп»

«Мақал-сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы»

5-6-сыныптар

«Балалар кітапханасы» 

«Қазақ даласының ұлы тұлғалары» 14 ақпан-кітап күніне арналған көрме

7-10 -сыныптар

Қоғамға қызмет



«Адал азамат-әділетті Қазақстан»

«Адал ұрпақ» клубы. Дебат.

9-10-сыныптар

«Бір отбасы-бір кітап»

«Каникулда кітап оқимыз»

1-11-сыныптар

«Даналық, мейірімділік, сыйластық сабағы»

Ж.Аймауытовтың 135 жылдығы, А.Байтұрсынұлының  туған күніне, Тілдер мерекесіне арналған шаралар



«Жеткіншектің жеті жарғысы» 

Құқықбұзушылықтың, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

«Біз бақытты балалық үшін» суреттер көрмесі

5-9-сыныптар

«Ғаламтор қауіпсіздігі»

Кибербуллинг тақырыбына байланысты іс-шаралар, отбасылық құндылықтар 

1-11-сыныптар

Нәтижесі:

«Парасатты отбасы» облыстық байқауы

4 Ә сынып 

Шаяхметова Кәусар

І орын

Баку қаласында өткен халықаралық «Azerbaijan Fashion Week» сән байқауы

3 В сынып 

Медетқызы Медина

сертификат

Республикалық техникалық өнертапқыштар  (самолет, ракета, кеме жасау) байқауының облыстық кезеңі

4 В сынып

Порядин Станислав

ІІ орын

Ұсыныс: рухани-адамгершілік бағыты бойынша, жыныстық тәрбие бойынша іс-шараларды сапалы өткізу.

3. Талап құндылығын насихаттау мақсатында  жан мен тән мәдениетін қалыптастыру, дұрыс тамақтану мәдениеті, қоршаған орта тазалығын сақтау бағытында жұмыстар ұйымдастырылды.

Жоба

Іс-шара

сыныптар

«Ата-аналар мектебі»

«Отбасыммен бірге өткізген қуанышты күндерім!» бейнероликтер байқауы

1-11-сыныптар

«Анаммен бақытты сәттерім» фотосуреттер челленджі

«Ата-аналар мектебі»

«Мамандықтар атласы» кәсіптік бағдар беруге арналған сынып сағаттары

9-11-сыныптар

«Ата-аналар мектебі»

«Біз және космос» фотосуреттер конкурсы

5-9-сыныптар

Халықаралық отбасы күніне арналған іс-шаралар 

1-11-сыныптар

Жазғы демалысқа байланысты ТБ бойынша әңгімелер

Нәтижесі:

«Amore-dance» спорттық билерден облыстық ашық чемпионат

2 А сынып

Самат Раяна

І орын

"Art Open-2024" облыстық фестиваль

2 А сынып

Төлеуғазина Асылым

ІІІ орын

"Stars of Asia" халықаралық фестиваль

2 А сынып

Төлеуғазина Асылым

Гран-при

Республикалық хареографиялық конкурс «Dance Pro»

2 Ә сынып

Қуатқызы Нүрия

Гран-при

Халықаралық байқау-фестивалі «Song and Dance»

2 Ә сынып

Қуатқызы Нүрия

І орын

«Детское вдохновение» халықаралық конкурсы 

2 В сынып

Ибраева Адина 

І орын

«Жас дарын» халықаралық хип-хоп фестивалі

2 В сынып

Алтынбекова Айлин

Гран-при

Халықаралық «Восточная мозайка» хореагрфиялық өнер байқауы

2 В сынып

Ерлан Дария

Гран-при

Облыстық «COIDEN STAR» көркем гимнастика  байқауы

3 А сынып

Нұржанқызы Қарақат

І орын

Халықаралық «DANCE PRO движение » жастар байқауы

3 А сынып

Мадиярова Айзада

І орын

Облыстық «COIDEN STAR» көркем гимнастика  байқауы

3 А сынып

Серікбай Қазыбек

І орын

Жүзуден Өскемен қаласында өткен "Altay swimming"және "Namys sports club" кездесуі

4 Б сынып

Арманқызы 

ислана

ІІ орын

Халықаралық Т.Базарбаев атындағы фортепианодан өткен фестиваль-конкурсы

4 В сынып

Турусбекова Айша

І орын

Латиф Хамиди ат. Халықаралық байқау (флейтистер ансамблі)

7 А сынып

Құмархан Айназ

І орын

«armanda     talant»

Халықаралық байҚАУ ФЕСТИВАЛІнде. Домбырашылар бағыты.

9 Б сынып

Сарқытхан Ералы

Сарқытхан Нұралы

І орын

Қорытынды: 2023-2024 оқу жылында жоспарланған жұмыстар өз деңгейінде жүзеге асырылды. Сонымен қатар, жоспардан тыс республикалық «Досболlike» пилоттық жобасының мүшелігіне кіргендіктен оқушылар мен ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету, мектепте жайлы психологиялық ахуал тудыру мақсатында көптеген іс-шаралар өткізілді.

Ұсыныс: талап құндылығы бағыты бойынша жоспарға сай шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру, оқушылардың бойына сыни ойлау мен жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіру.


Жаңа 2024-2025 оқу жылына қойылатын мақсат, міндеттер мен күтілетін нәтижелер.

Мақсаты: Оқушылар бойына ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, рухани бай, өз елінің тарихы мен салт-дәстүрін құрметтейтін патриот азаматтар тәрбиелеу. Ата-аналарды мекетпке тарта отырып, жаһандануға төтеп беретін толерантты, сыни көзқарасы дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.

Міндеттері:

1.Мемлекеттік  рәміздер  тарихын   терең  білу,  оған   сый  құрметпен  қарау.

2.Отанға, елге  сүйіспеншілігі мен патриоттық  сезімін  арттыру.

3.Сынып жетекшілер бірлестінің жұмысын арттыру, сынып жетекшілердің жұмысын қадағалау 

4. Өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру тәрбиесіне және кәсіби-шығармашылық тәрбиесінің жұмыстарын жандандыру.

5. Мәңгілік елдің патриот, ұлтжанды ұрпақтарын тәрбиелеу, ұтымды тәрбие бағыттарымен жұмыстану

6. Үйірме жұмыстарын қадағалау, нәтижелеріне көңіл бөлу

7. Ата- аналарды тарту арқылы мектептің тәрбие жұмысын одан әрі жандандыру;

8. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенділігін арттыру;

Күтілетін нәтиже: 

-өз елін сүйеді, мақтан тұтады, құрметтейді

- ұмытылып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрді   біледі, есіне сақтайды, ұмытпайды, өзінің тілін, дінін, қазақ екенін естен шығармай, намыстанады

-өзінің болашақта қоғамға қажетті тұлға екенін сезінеді.

-үлкенді сыйлайды, құрметтейді, мектебі мен елінің абыройына нұқсан келтірмейді.