№17 мектеп әкімшілігі ғасырлық тарихы бар фестивальге қатысушыларды марапаттады » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » №17 мектеп әкімшілігі ғасырлық тарихы бар фестивальге қатысушыларды марапаттады
05
декабрь
2025

№17 мектеп әкімшілігі ғасырлық тарихы бар фестивальге қатысушыларды марапаттады


Мектеп әкімшілігі қараша айында ұйымдастырылған «100 жылдық тамыры терең, тағылымы мол білім ордасы: білім мен тәрбиенің алтын арқауы» атты облыстық фестивальге белсене қатысқан қызметкерлерге Алғыс хаттар табыс етті.

Аталмыш фестиваль тарихы терең білім ошақтарының мәртебесін көтеруді және ұлттық құндылықтарды насихаттауды мақсат еткен болатын. №17 мектеп ұжымы осы додада мектептің ғасырлық шежіресі мен бүгінгі тыныс-тіршілігін жоғары деңгейде таныстыра білді.

Мектеп директоры қатысушыларға арнаған сөзінде:

"Мектебіміздің тарихын ұлықтап, абыройын асқақтатқан әрбір әріптесіміздің еңбегі орасан. Бұл марапат – сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен ұжымдық ынтымақтарыңызға берілген баға," – деп атап өтті.

Салтанатты жиында фестивальге қатысушыларға мектеп әкімшілігі атынан арнайы Алғыс хаттар мен ыстық лебіздер білдірілді.