26
апрель
2025
"Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы
Біздің №17 мектеп парламентінің белсенді мүшелері "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясына белсене атсалысты. Бұл акцияның басты мақсаты — туған жеріміздің табиғатын қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру және жас ұрпақты табиғатты аялауға тәрбиелеу болды.
Акция аясында мектеп оқушылары мен ұстаздары бірігіп, мектеп ауласында және оған жақын маңайда ауқымды ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді. Барлығы жүздеген көшет егіліп, әр көшетке ерекше күтім жасалды. Әрбір егілген ағаш — біздің болашағымызға қосқан үлесіміз, экологияны жақсартуға бағытталған нақты қадамымыз деп қабылданды.
Мектеп парламентінің мүшелері шараның ұйымдастырылуына бастамашы болып, өз үлгісімен өзгелерге жол көрсетті. Олар тек ағаш отырғызумен шектелмей, қоршаған ортаны тазарту жұмыстарын да атқарды: қоқыс жинап, ескі қалдықтарды арнайы орындарға жеткізді. Акция кезінде оқушылар арасында экология тақырыбында шағын әңгімелер мен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы ортақ пікір алмасу өтті