«Туған өлке – тарих пен мәдениеттің алтын діңгегі» » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » «Туған өлке – тарих пен мәдениеттің алтын діңгегі»
03
май
2025

«Туған өлке – тарих пен мәдениеттің алтын діңгегі»

2025 жылдың 2 мамыр күні 8–10 сынып оқушылары біртұтас тәрбие жоспары аясында Павлодар қаласына танымдық-мәдени сапар жасады. Бұл іс-шара «Туған елге тағзым» бағыты бойынша жүзеге асырылды және оқушылардың тарихи сана-сезімін, патриоттық рухын арттыруға бағытталды.

Сапар барысында оқушылар Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде болып, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Қаныш Сәтбаев, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы сияқты ұлы тұлғалардың өмірі мен еңбектерімен танысты. Сондай-ақ Ертіс өзені жағалауындағы экологиялық аймақтарды аралап, қаланың сәулет ерекшелігі мен мәдени келбетін зерттеді.

Бағдарлама аясында «Рухани жаңғыру» орталығына арнайы экскурсия ұйымдастырылып, оқушылар ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңызы туралы мағлұмат алды.