7 «А» сынып оқушыларымен тренинг өтті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

28
ноябрь
2025

7 «А» сынып оқушыларымен тренинг өтті

28 қараша күні 7 «А» сынып оқушыларымен «Жүрегіңді түстермен толтыр» тақырыбында арт-терапиялық тренингі өтті. Тренингтің мақсаты – оқушылардың эмоцияларын тануына, оларды түстер мен сурет арқылы бейнелеуіне мүмкіндік беру.

Оқушылар түстердің эмоциялармен байланысын талқылап, жүрек пішініндегі шаблонды өз сезімдеріне сәйкес бояды. Әр түстің мағынасын түсіндіріп, өз жұмыстарын таныстырды.

Тренинг оқушылардың өзін-өзі түсінуіне, эмоциялық тұрақтылығын дамытуға және ішкі сезімін дұрыс жеткізуіне ықпал етті.

Педагог-психолог Базарова Э.Н.

Сынып жетекші Искакова Д.С.