27
май
2025
"Балдырған" мектеп жанындағы жазғы лагерь ашылды

2025 жылдың 27 мамырында №17 мектеп жанындағы "Балдырған" жазғы демалыс лагері өз жұмысын салтанатты түрде бастады. Ашылу рәсімі балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйімен өтті. Іс-шараға оқушылар, ұстаздар мен мектеп әкімшілігі қатысты.
Салтанатты жиында балаларға жазғы демалыстың ережелері мен жоспарланған іс-шаралар таныстырылды. Ән мен би, көңілді ойындар мерекенің сәнін келтірді. Лагерь жетекшілері мен тәрбиешілер балаларға қызықты, әрі пайдалы демалыс ұйымдастыруға уәде берді.
Ашылу салтанатынан кейін лагерь тәрбиеленушілері қаламыздағы "Өлкетану" мұражайына саяхат жасады. Бұл экскурсия балалардың туған өлке тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып, олардың таным көкжиегін кеңейтті. Мұражай қызметкерлері балаларға халқымыздың ұлттық дәстүрлері, көне тұрмыс-салт бұйымдары және тарихи деректер туралы әсерлі әңгімелер айтып, экскурсияны қызықты әрі мазмұнды етті.
2 маусым бойы "Балдырған" лагерінде түрлі мәдени, спорттық, шығармашылық және танымдық шаралар өткізу жоспарланып отыр. Балалардың қауіпсіздігі мен қызықты демалысы басты назарда болмақ.