Синтетикалық есірткі заттарын қолданудың алғашқы белгілерін анықтау тақырыбында семинар » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » Синтетикалық есірткі заттарын қолданудың алғашқы белгілерін анықтау тақырыбында семинар
06
ноябрь
2025

Синтетикалық есірткі заттарын қолданудың алғашқы белгілерін анықтау тақырыбында семинар

Білім алушылардың денсаулығын сақтау және алдын алу жұмыстары аясында мектепте педагогикалық ұжым үшін синтетикалық есірткі заттарын қолданудың алғашқы белгілерін анықтау тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Іс-шараны Абулхасенова Зульфия Рафиковна – дәрігер-нарколог өткізді. Семинар барысында ұстаздарға синтетикалық наркотиктердің түрлері, олардың ағзаға тигізетін зияны, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы тәуелділіктің алғашқы мінез-құлықтық және физиологиялық белгілері туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Сонымен қатар дәрігер педагогтерге күмәнді жағдайларда қандай әрекет жасау қажет екендігін, оқушылармен қауіпсіз әрі дұрыс коммуникация орнату жолдарын түсіндірді. Практикалық мысалдар арқылы алдын алу шараларының маңыздылығы атап өтілді.

Оқушыларға арналған бөлімде салауатты өмір салтының құндылығы, зиянды әдеттердің болашаққа кері әсері және жеке жауапкершіліктің маңызы түсіндірілді. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға маманнан тікелей жауап алуға мүмкіндік алды.

Аталған семинар білім беру ұйымында есірткіге қарсы профилактикалық жұмысты күшейтуге, педагогтердің кәсіби дайындығын арттыруға және оқушылардың қауіпсіз ортасын қалыптастыруға бағытталды.