22
апрель
2026
«LAULA» конкурс жобасы: 3 “А” сыныбының оқушылары Гран-при иегерлері атанды
3 “А” сыныбының оқушылары Дүйсенғазы Аружан және Дүйсенғазы Балжан беделді «LAULA» конкурстық жобасына қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп, Гран-при иегерлері атанды.
Аталған жоба оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, зерттеу дағдыларын қалыптастыруға және жеке идеяларын көпшілікке ұсынуға бағытталған. Байқау барысында қатысушылар өз жобаларын қорғап, тың идеялары мен ерекше көзқарастарын жоғары деңгейде көрсетті.
Аружан мен Балжанның жұмысы қазылар алқасының ерекше назарын аударып, мазмұндылығы мен жаңашылдығы үшін ең жоғары марапатқа лайық деп танылды.
Бұл жетістік – оқушылардың еңбекқорлығы мен табандылығының, сондай-ақ ұстаздардың кәсіби қолдауының нәтижесі.

