14
май
2026
Нұрсейіт Алихан мен Нұрсейіт Ермухан — қола жүлдегерлер
3А сынып оқушылары Нұрсейіт Алихан және Нұрсейіт Ермухан Barys дзюдо клубы ұйымдастырған ашық қалалық турнирде жүлделі ІІІ орын иеленді.
Жас спортшылар турнир барысында жоғары дайындықтарын, табандылықтары мен спортқа деген қызығушылықтарын көрсете білді. Тартысты белдесулер нәтижесінде олар қола жүлдеге қол жеткізіп, мектеп намысын абыроймен қорғады.
Бұл жетістік — оқушылардың еңбегі мен жаттықтырушыларының кәсіби дайындығының нәтижесі. Сонымен қатар, жас дзюдошылардың спорттағы алғашқы үлкен қадамдарының бірі болды.
Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!