Итоги методической работы за 2025-2026 учебный год
МЕКТЕПТІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ
Әдістемелік кеңестің мақсаты:
Білім беру үдерісіне әдістемелік сүйемелдеу жасау, педагогтардың кәсіби өсуіне жағдай құру, оқыту мен тәрбиенің сапасын арттыру мақсатында тиімді білім беру технологияларын (ЖИ) енгізу.
Міндеттері:
- Педагогтардың оқу-әдістемелік қызметінің сапасын талдау және бағалау.
- Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін курстар, семинарлар, шеберлік сыныптары және тәлімгерлік арқылы арттыру.
- Инновациялық және цифрлық білім беру технологияларын (ЖИ) енгізуге ықпал ету.
- Жас мамандарға қолдау көрсету және тәлімгерлік жүйесін ұйымдастыру.
- Озық педагогикалық тәжірибені анықтау, жинақтау және тарату.
- Оқу және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу.
- Оқушылардың білім жетістіктерін мониторингтеу және әдістемелік тәсілдерді түзету.
- Инклюзивті және қашықтан оқытуды әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеу.
Әдістемелік кеңес қызметінің негізгі бағыттары:
- Педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру;
- Оқу-тәрбие үдерісінде әдістемелік және кеңестік көмек көрсету;
- Мұғалімдердің кәсіби белсенділігі мен инновациялық қызметін ынталандыру;
- Озық тәжірибені енгізу және ғылыми-теориялық құзыреттілікті арттыру;
- Мұғалім мен оқушы арасындағы гуманистік, демократиялық қағидаттарға негізделген өзара әрекетті жетілдіру;
- Оқушылардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстарын дамыту (ҒЗЖ, НОУ);
- Әдістемелік бірлестіктердің жұмысын үйлестіру.
Күтілетін нәтижелер:
- Мұғалімдердің кәсіби деңгейі мен әдістемелік құзыреттілігінің артуы.
- Білім сапасының жақсаруы және оқушылар жетістіктерінің өсуі.
- Заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдану.
- Педагогтардың инновациялық және жобалық қызметке қатысуының артуы.
- Мектепте тұрақты әдістемелік ортаның қалыптасуы.
- Тәлімгерлік және өзара қолдау жүйесінің дамуы.
Жұмыс нәтижесі (2025–2026 оқу жылы):
Оқу жылы ішінде әдістемелік кеңестің 8 отырысы өткізілді. Отырыстар мектептің әдістемелік жұмысының негізгі бағыттарын айқындауға және оны тиімді ұйымдастыруға бағытталды.
2025–2026 оқу жылында әдістемелік кеңес жүйелі жұмыс жүргізіп, педагогтардың кәсіби дамуына, білім сапасын арттыруға және заманауи технологияларды енгізуге ықпал етті. Негізгі назар әдістемелік бірлестіктер жұмысын жетілдіруге, функционалдық сауаттылықты дамытуға, жас мамандарды қолдауға және инклюзивті білім беруді дамытуға аударылды.
Семинарлар, практикумдар және шеберлік сыныптары мұғалімдердің тәжірибе алмасуына және кәсіби ынтымақтастығын арттыруға мүмкіндік берді. Оқушылардың білім сапасына жүргізілген мониторинг нәтижелері оң динамиканы көрсетті, бұл әдістемелік жұмыстың тиімділігін дәлелдейді. Мұғалімдер әртүрлі деңгейдегі конкурстар мен әдістемелік іс-шараларға белсенді қатысты. Жалпы алғанда, әдістемелік кеңестің қызметі білім сапасының артуына, педагогтардың кәсіби өсуіне және мектепте инновациялық білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етті.
3. МЕКТЕПТІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІКТЕРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОПТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
Мектептегі әдістемелік жұмыстың дәстүрлі формасы болып пәндік және метапәндік әдістемелік бірлестіктер саналады, оларды тәжірибелі педагогтар басқарады. 2025–2026 оқу жылында мектепте 10 әдістемелік бірлестік (бұдан әрі – ӘБ) жұмыс істеді:
- Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің ӘБ (жет. Болатова А.Б.)
- Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің ӘБ (жет. Барлыбаева К.А.)
- Ағылшын тілі мұғалімдерінің ӘБ (жет. Мусабекова Л.Е.)
- Қазақ тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ (Рахымжанова А.А.)
- Орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ (Жаркова Е,В.)
- Тарих және құқық мұғалімдерінің ӘБ (жет. Ныгыманбекова К.М.)
- Жаратылыстану циклі мұғалімдерінің ӘБ (жет. Калыбаева М.Б.)
- Математика, информатика, физика мұғалімдерінің ӘБ (жет. Захарова Т.Е.)
- Эстетикалық цикл және дене шынықтыру мұғалімдерінің ӘБ (жет. Бужикенова М.Р.)
- КПИ педагог-ассистенттерінің ӘБ (жет. Абишева М.Б., Байгожина Н.М.)
ӘБ жұмысының мақсаты: педагогтардың кәсіби өсуіне жағдай жасау, пәндерді оқыту сапасын арттыру, тәжірибе алмасу, тиімді әдістер мен технологияларды енгізу арқылы оқушылардың құзыреттілігін дамыту және жоспарланған білім нәтижелеріне қол жеткізу.
Міндеттері:
- Оқу пәндерін оқыту әдістемесін жетілдіру.
- Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жүйелі әдістемелік қолдау арқылы арттыру.
- Озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату.
- Заманауи білім беру технологиялары мен цифрлық ресурстарды енгізу.
- Оқушылардың үлгерімі мен білім сапасын талдау.
- Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру.
- Инклюзивті білім беруді және жеке білім беру маршруттарын әдістемелік сүйемелдеу.
- Жас мамандарды қолдау және тәлімгерлік ұйымдастыру.
- Әдістемелік ұсыныстар мен дидактикалық материалдар әзірлеу.
Қызметтің негізгі бағыттары:
- Оқу бағдарламаларын, КТЖ және оқу жетістіктерін талдау.
- Ашық сабақтар, өзара сабаққа қатысу, шеберлік сыныптары.
- Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.
- Пәндік апталықтар, олимпиадалар, байқаулар ұйымдастыру.
- Кәсіби конкурстар мен жобаларға қатысу.
- Педагогикалық жаңалықтар мен талаптарды талқылау.
- Аттестацияға дайындық және әдістемелік материалдар әзірлеу.
- Үздік тәжірибелер банкін қалыптастыру.
2025–2026 оқу жылында әдістемелік бірлестіктердің жұмысы жоспарға сәйкес жүргізіліп, жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыруға, оқыту сапасын арттыруға және педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталды.
Негізгі бағыттар мен нәтижелер:
- Оқу жетістіктерін талдау – жүйелі мониторинг жүргізіліп, қиындық себептері анықталды.
- Ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысу – тәжірибе алмасу белсенді жүргізілді.
- Инновациялық және жобалық жұмыс – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жобалар жүзеге асырылды.
- Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс – жеке жоспарлар енгізілді.
- Мұғалімдердің біліктілігін арттыру – курстар мен семинарларға қатысты.
- Тәлімгерлік жұмыс – жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсетілді.
- Инклюзивті білім беру – бейімделген материалдар әзірленіп, оқыту тәсілдері талқыланды.
Жетілдіруді қажет ететін мәселелер:
- Әдістемелік құжаттаманы жүргізу жүйесінің жеткіліксіздігі.
- Инновациялық қызметке мұғалімдердің біркелкі қатыспауы.
- Кәсіби конкурстарға қатысудың төмен белсенділігі.
- Цифрлық әдістемелік жұмыстың жеткіліксіз деңгейі.
Келесі оқу жылына ұсыныстар:
- Цифрлық платформаларды кеңінен қолдану.(ЖИ)
- Кәсіби конкурстарға қатысуды арттыру.
- Тәлімгерлік жүйесін жетілдіру.
- МО отырыстарында аналитикалық жұмысты күшейту.
- Ашық сабақтарды талдаумен бірге өткізу тәжірибесін кеңейту.
Аттестация талаптарына сәйкес №495 бұйрық негізінде «Әдістемелік зертхана» шығармашылық тобы құрылды. Оның мақсаты – педагогтарды аттестацияға дайындау барысында сапалы оқу-әдістемелік материалдар әзірлеуге жағдай жасау.
Міндеттері:
- Аттестациядан өтетін педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету.
- Әдістемелік материалдармен жеке және ұжымдық жұмысты ұйымдастыру.
- Авторлық бағдарламалар, жоспарлар, тесттер, тапсырмалар әзірлеу.
- Материалдарды оқу үдерісіне енгізу.
- Сараптамалық бағалау жүргізу.
- Әдістемелік материалдар банкін құру.
- Үздік тәжірибені семинарлар мен кеңестерде ұсыну.
Топ жұмысының нәтижесінде 2026 жылғы ақпанда өткен әдістемелік кеңесте (№4 хаттама) 16 аттестатталушы педагог өз әзірлемелерін ұсынды. Барлық материалдар сараптамадан өтіп, таратуға ұсынылды.2025–2026 оқу жылында да «Әдістемелік зертхана» шығармашылық тобы құрылуы жоспарланып отыр, бірақ құрамы жаңартылған болады.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ЖИНАҚТАУ, БАЙҚАУЛАРҒА, СЕМИНАРЛАРҒА, КОНФЕРЕНЦИЯЛАРҒА ҚАТЫСУ
Уровень/год | 2021-2022 | 2022-2023 | 2023-2024 | 2024-2025 | 2025-2026 | |||||
Қатысушы | Жүлделі орын | Қатысушы | Жүлделі орын | Қатысушы | Жүлделі орын | Қатысушы | Жүлделі орын | Қатысушы | Жүлделі орын | |
қала | 10 | 6 | 11 | 7 | 16 | 10 | 26 | 9 | 27 | 12 |
Облыс | 12 | 5 | 9 | 3 | 9 | 6 | 5 | 3 | 9 | 3 |
Республика | 7 | 3 | 10 | 3 | 25 | 20 | 0 | 0 | 1 | 1 |
2025–2026 оқу жылында педагогтердің кәсіби байқауларға қатысуына жасалған талдау (аты-жөні бойынша)
№ | қала | облыс | |||||
Конкурстың атауы | Қатысушылар | Жүлделі орындар | Байқау атауы | Қатысушылар | Жүлделі орындар | ||
«Лучшая авторская программа» (октябрь 2025) | Мухаметжанова Э.Х Мусабекова Л.Е. Аганасова Г.Ж. Кунафина Ж С серитификат | Мухаметжанова Э.Х-3 место Мусабекова Л.Е.-3место Аганасова Г.Ж.-2 место | |||||
«Алтын тұғыр» (1.11.2024) | Рахимжанова А А Кунафина Ж.С. Хасанова Е.С. Бейсембаева А.Б. | Рахимжанова А А 3 место | |||||
«Панорама педагогических идей» | Сертификат: Джумашбеков Д.Қ Мусабекова Л.Е. Нуртаева А А | Ныгыманбеова Қ М 3-место | |||||
«Фестиваль педагогических идей» (26.11.2024) | Махмутова М.Ж. | Махмутова М.Ж. сертификат | |||||
«Математическая регата» (29.01.2025) | |||||||
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» | Абжанова Ж.М. | Нұрғалиева А.А. 3 место | |||||
«Менің мамандығым-менің мақтанышым» облыстық эссе конкурсы | Бейсембаева Н.Е. 1 орын | ||||||
«Үздік дене шынықтыру педагогы-2025» | Калиакпаров Ж А, 3-орын Бужикенова М Р 2-орын. | ||||||
«Үздік педагог ассистент-2025» | Токбақбаева З Р – 3 орын, Каликанова М- «Педагогикалық қызметтің үздік бейнежазбасы» Байжуманова Б, Коленкенова Г,Толепбергенова М сертификат | ||||||
«Менің ең үздік сценарийім» облыстық байқауы | Бейсембаева Н Е.-3 орын | ||||||
«Талантты ұстаз-ел өрісі» ардагер ұстаз бен жас ұстаз арасындағы байқау | 3-орын,1-орын | ||||||
«Үздік әдістемелік әзірлеме» | Бужикенова М Р – 1 орын, Тилеуханова М Т - сертификат | ||||||
Итого: | 23 | 2 | 5 | 3 | |||
Педагогтердің кәсіби байқауларға қатысуының төмендеуі бірнеше факторлармен байланысты болуы мүмкін:
- Жоғары жүктеме — мұғалімдерде оқу, әдістемелік және сабақтан тыс жұмыстардың көптігі салдарынан байқауларға қатысуға уақыт пен ресурс жетпейді.
- Мотивацияның жеткіліксіздігі — кейбір педагогтар қатысудың практикалық пайдасын немесе марапатталуын жеткілікті деңгейде сезінбейді.
- Өзіне деген сенімсіздік — әсіресе жас мамандар немесе байқауға алғаш рет қатысатын мұғалімдер арасында байқалады.
- Конкурстық материалдарды дайындаудағы қиындықтар — қатысу уақыт пен техникалық дайындықты талап етеді.
- Жүйелі қолдаудың болмауы — тәлімгерлік пен әдістемелік көмектің жеткіліксіздігі байқауға қызығушылықты төмендетеді.
Бұл төмендеуді болдырмау үшін ақпараттандыруды күшейту, материал дайындауға қолдау көрсету, тәлімгерлік жүйесін енгізу және мектепішілік жетістіктерді мойындау арқылы ішкі мотивацияны арттыру қажет.
Сонымен қатар, мектептің әдістемелік жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі — педагогикалық тәжірибені жинақтау болып табылады. Жыл бойы мұғалімдер өздерінің педагогикалық тәжірибесін әртүрлі іс-шаралар барысында үнемі жинақтап, таратып отырды.
№п/п | Мұғалімнің аты-жөні | Күні | Деңгейі | Тәжірибені қай жерде жинақтады? | |
1 | Аглакова С Т | Қаңтар 2026 | Халықаралық | Азия және Африка елдері бойынша «Әлемдік рекордтар кітабына ену» Global dest of records кітабына еніп, күміс медальга ие болды | |
2 | Адамбаева Ж Б | Сәуір,2026 | Халықаралық | Азия және Африка елдері бойынша «Әлемдік рекордтар кітабына ену» Global dest of records кітабына еніп, күміс медальга ие болды | |
3 | Назым Сергазықызы | 12.11.2025 | Облыс | “Құндылықтарға негізделген тәрбие жұмысының тиімді іске асыру” бойынша облыстық семинар | |
4 | Бейсембаева Н.Е. | 14.10.2025 | облыс | «Менің мамандығым-менің болашығым» облыстық экспресс конкурсы | |
5 | Шаяхметова Қ Ж | 10.11.2025 | Республика бұйрық | Қазақ әдебиеті пәнін оқытуда ЖИ қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу Ы Алтынсарин атындағы ҰБА | |
6 | Шаяхметова Қ.Ж | 21.11.2025 | Республика | Республикалық «Олимп шыңы» олимпиадасы 2 орын | |
7 | Мухаметжанова Э Х Нұртаева А А | ақпан | Қалалық | Адал азамат біртұтас тәрбие Республикалық семинардың қалалық кезеңі | |
8 | Гулжан Муратовна | ақпан | Қалалық | Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арнлағна олимпиада 2-орын | |
9 | Жумашбеков Д Қ | ақпан | қалалық | Қазақстан тарихы пәні мұғалімдерінің арасында олимпиада 3-орын | |
10 | Бейсембаева Н Е | наурыз | Облыстық конференция 1 орын | «Дарынды баланы жетістікке жетелеу, оқыту ,анықтау, дамыту» | |
Публикациялары | |||||
11 | Жумаканова Райгуль Ешенгазиновна | №12 (142) Желтоқсан 2025 жы | Республиканский «Абай тағылымы» | Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық-танымдық, қоғамдық ақпараттық журнал «Абай тағылымы», №12 (142) «100 жылдық тамыры терең, тағылымы мол білім ордасы» | |
12 | Шаяхметова Карлыгаш Жумагалиевна | №4 (12) 2025 | Республикалық «Тағылым» ғылыми әдістемелік журнал | «Құндылыққа бағдарланған білім беру: М Әуезовтың тұлғалық бейнесі» «Алтынсарыин академиясының хабаршысы» әдістемелік журнал, | |
13 | Адамбаева Жанар Бекмухамбетовна | №12 (142) Желтоқсан 2025 жыл | Республиканский «Тағылым» ғылыми әдістемелік журнал | ««Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын сабақ үрдісіне тиімді енгізу жолдары» | |
14 | Тилеуханова Меруерт Тилеухановна, | №12 (142) Желтоқсан 2025 жыл | Республиканский «Тағылым» ғылыми әдістемелік журнал | «Bilimland, iMektep порталдарымен жұмыс. Бағдарлама интерфейсін меңгеру» | |
15 | Мухамеджанова Эльмира Хасеновна | №12 (142) Желтоқсан 2025 жыл | Республиканский «Тағылым» ғылыми әдістемелік журнал | «Бунақденелілер қалай дамиды» «Тағылым» | |
16 | Калиева Жанат Бекайдаровна Кунслямова Шынар Кунслямовна, | №12 (142) Желтоқсан 2025 жыл | Республиканский «Тағылым» ғылыми әдістемелік журнал | «Қазақ тілі және әдебиеті пәнін оқытудағы жасанды интеллекттің маңызы және қолданылу шеңбері» | |
17 | Базарова Назым Серғазықызы | №12 (142) Желтоқсан 2025 жыл | Республиканский «Тағылым» ғылыми әдістемелік журнал | «Білім беру ұйымдарындағы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алудағы әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері» | |
18 | Калиакпаров Женисказы Аргынович, | №12 (142) Желтоқсан 2025 жыл | Республиканский «Тағылым» ғылыми әдістемелік журнал | «Дене тәрбиесі сабақтарында оқушы бойына ұлттық құндылықтарды дарыту» | |
19 | Муратова Гульжан Муратовна, Елшібаева Алтынай Жұмабайқызы | №12 (142) Желтоқсан 2025 жыл | «Тағылым» ғылыми әдістемелік журнал | «Қазақ тілі сабақтарында жасанды интеллектіні пайдалану арқылы оқу мақсаттарына жету жолдары» | |
20 | Миняева Людмила Анатольевна | №12 (142) Желтоқсан 2025 жыл | «Тағылым» ғылыми әдістемелік журнал | «Современные методы и приёмы формирования читательской грамотности в начальной школе» | |
21 | Веселова Далиля Шамильевна, | №12 (142) Желтоқсан 2025 жыл | «Тағылым» ғылыми әдістемелік журнал | «Геймификация обучения физике: анализ игровых механик и применение эпизодов из Half-Life 2» | |
22 | Жалдыбаева Нургуль Кадырбековна Жунусова Назерке Тілеуғазықызы, | №12 (142) Желтоқсан 2025 жыл | «Тағылым» ғылыми әдістемелік журнал | «Кері байланыс беруде ұлттық құндылықтың маңыздылығы» | |
23 | Карипбаева Лаура Толегеновна, Бейсембаева Назира Екпиновна | №12 (142) Желтоқсан 2025 жыл | «Тағылым» ғылыми әдістемелік журнал | «Ғылыми жобалар жұмысы арқылы биология пәніне қызығушылықты арттыру» | |
24 | Қалыбаев Асқар Жұматаевич Қалыбаева Майра Базарбековна | №12 (142) Желтоқсан 2025 жыл | «Тағылым» ғылыми әдістемелік журнал | «Жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы экологиялық жобалар мен зерттеу қызметінің рөлі» | |
25 | Қалиқанова Меруерт Тлеуқанқызы Толепбергенова Меруерт Аскергазыевна | №12 (142) Желтоқсан 2025 жыл | «Тағылым» ғылыми әдістемелік журнал | «Ерекше балалардың әлеуметтік бейімделуі: мектеп пен ата – ананың бірлескен жұмысы» | |
26 | Коленкенова Гульнур Оралкановна, Токбакбаева Зауреш Талғатқызы | №12 (142) Желтоқсан 2025 жыл | «Тағылым» ғылыми әдістемелік журнал | «Қазақстандағы инклюзивті білім берудің даму үрдістері мен мәселелері» | |
27 | Нұрғалиева Ақмарал Айдосқызы | №12 (142) Желтоқсан 2025 жыл | «Тағылым» ғылыми әдістемелік журнал | «Жасанды интеллект арқылы қазақ тілінде жазылым және сыни ойлау дағдыларын дамыту» | |
28 | Жубайханова Ақмарал Шыңғысбекқызы | №12 (142) Желтоқсан 2025 жыл | «Тағылым» ғылыми әдістемелік журнал | «Инклюзивті білім беру жағдайындағы болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» | |
29 | Төлеубекова Ғазиза Қадырқызы | №12 (142) Желтоқсан 2025 жыл | «Тағылым» ғылыми әдістемелік журнал | «Ағылшын тілін онлайн платформалар арқылы үйрену» | |
30 | Абжанова Ж М | Облыстық газет | «Ертіс өңірі» газеті | ||
31 | Барлыбаева Кулшат Ахметбековна | область | Семинар «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылыққа негізделген тәрбие жү»есін тиімді жүзеге асыру тетіктері» | ||
32 | Кузембаева Чолпан Кенеспековна | 2025 | город | Городской конкурс эссе для учителей русского языка и литературы -участие | |
33 | Аганасова Гаухар Жумагалиовна | 2025 | Республика | «Білім беруді қайта қарау: ЖИ, этика және адами құндылықтар» білім беру қызметкерлеріне арналған халықаралық ғылыми-практикалық тамыз конферециясында тәжірибесімен алмасқаны және ғылыми мақалалар жанағы «Квадраттық теңдеулер мен теңсіздіктердің қолданылуы» Республикалық «Ы.Алтынсарин ізбасарлары» ғылыми-тәжірибелік журналы | |
Мукумова Ф.Н. | 31.03.2026ж | Oxford Professional Development Seminar “Motivating students and energizing the classroom for stronger engagement”, | |||
Махмутова М.Ж | 31.03.2026 ж. | Oxford Professional Development Seminar “Motivating students and energizing the classroom for stronger engagement”, certificate | |||
Нуртаева А А | 2025 | Аймақтық | Сертификат за представление своего опыта работы на региональном семинаре «Эффективные пути внедрения программы целостного воспитания “Адал азамат” в учебный процесс» | ||
Комиссия мүшелерінде | |||||
1 | Шаяхметова К.Ж. | 2026, наурыз | Республика | При академии Алтынсарина | |
2 | Байбосынова Ф. Т. | Сентябрь 2025 | Областной | ДОКСО, проверка школ | |
3 | Мусабекова Л. Е. | ақпан | облыс | Облыстық сараптама комиссиясының мүшесі English Рroficiency challenge | |
4 | Барлыбаева К.А. | Февраль, март 2025 | Областной |
Член жюри областного конкурса эссе учителей русского языка и литературы «Ұстаздық ұлық емес- ұлы қызмет» | |
5 | Сулейменова Г.С. | Февраль, март 2025 | Областной | Разработка и экспертиза заданий ИА для учащихся 9 класса Приказ №02-02-75 о составе жюри в конкурсе «Үздік әдістемелік әзірлеме» Член экспертного совета Областного этапа Республиканского конкурса «Панорама педагогических идей» Член комиссии городского этапа Республиканской олимпиады по основам наук среди учащихся 7-8 классов Член рабочей группы «Сараптамалық кенес», приказ № 02-10/74 от 23.02.2026г Член творческой городской группы учителей химии и биологии | |
Аганасова Г Ж | Апрель | облыстық | «Облыстық инновациялық әдістемелік орталық» КММ Абай облысы 2025-2026 оқу жылындағы 9 сынып білім алушылары мүшін қорытынды аттестаттау материалдарын дайындау және сараптау жұмыс тобы | ||
Есептік кезеңде педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату бағыты бойынша оң динамика байқалады. Жалпы педагогтер саны (92 адам) ішінен 40% педагог өз тәжірибесін әртүрлі деңгейдегі әдістемелік іс-шараларға қатысу арқылы белсенді түрде жинақтап келеді: жинақтарда жарияланымдар, семинарлар, шеберлік сыныптары, вебинарлар және педагогикалық шеберлік конкурстарына қатысу.
Әсіресе жоғары біліктілік санаты бар және жоғары санатқа аттестатталуға ұмтылатын мұғалімдердің белсенділігі айқын байқалады. Олар өз кәсіби дамуына жүйелі түрде қарап, жұмыс нәтижелерін әріптестерімен бөлісуге дайын.
Тәжірибені жинақтау келесі нәтижелерге ықпал етеді:
– педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға;
– оқытудың тиімді әдістемелерін таратуға;
– мектеп ішінде ашық кәсіби қауымдастық қалыптастыруға.
Дегенмен, бұл бағытқа толық тартылмаған педагог кадрлар да бар. Бұл уақыт тапшылығымен, өзіне сенімсіздікпен немесе тәжірибені көпшілік алдында ұсыну дағдыларының жеткіліксіздігімен байланысты.
Ұсыныстар:
– жас мамандарға әдістемелік қолдауды күшейту;
– тәжірибе алмасуға арналған мектепішілік алаңдар (шеберханалар, практикумдар) ұйымдастыру;
– педагогтерді ынталандыру жүйесі арқылы мотивацияны арттыру.

