«Біз сіздермен мақтанамыз!» – дзюдодан жергілікті спортшылармен кездесу өтті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » «Біз сіздермен мақтанамыз!» – дзюдодан жергілікті спортшылармен кездесу өтті
19
январь
2026

«Біз сіздермен мақтанамыз!» – дзюдодан жергілікті спортшылармен кездесу өтті

19.01.2026 күні «Өнерің болса қолыңда, жарқырап тұрар жолың да!» атты «Эстетикалық бағыт пен дене тәрбиесі онкүндігі» жоспары аясында «Біз сіздермен мақтанамыз!» атты дзюдо спорт түрі бойынша жергілікті спортшылармен мектебіміздің оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу қонақтары:

  • ҚР сурдо дзюдо спорты бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушы – Тоқтамысова Мадина;

  • Дзюдо спорт түрі бойынша спорт шеберлері, 2025 жылы Жапония мемлекеті, Токио қаласында өткен Сурдлимпиаданың қола жүлдегерлеріКакетаев Алтынбек, Жетіспаева Айым.

Кездесудің мақсаты: оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, жергілікті спортшылардың жетістіктері туралы ақпарат беру.

Ұйымдастырушылар: Бужикенова М.Р., Калиакпаров Ж.А.