23
январь
2026
Алғашқы әскери дайындық пәнінен ашық сабақ өтті
2026 жылғы 23 қаңтар күні «Өнерің болса қолыңда, жарқырап тұрар жолың да!» атты «Эстетикалық бағыт, алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі» онкүндігі жоспары аясында 10 «А» сыныбында ашық сабақ ұйымдастырылды.
Сабақтың тақырыбы: «Калашников автоматының бөлшектері мен механизмдері және оның қызметі».
Сабақтың мақсаты — оқушыларға Калашников автоматының негізгі бөлшектері мен механизмдерінің атауын, құрылысын және қызметін меңгерту, автоматты дұрыс әрі қауіпсіз пайдалану, бөлшектеу және жинақтау дағдыларын қалыптастыру.
Ашық сабақты алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Аринов Ермек Аманғазыұлы өткізді.

