Түркістандағы жарыста — жүлделі орын » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » Түркістандағы жарыста — жүлделі орын
26
январь
2026

Түркістандағы жарыста — жүлделі орын

Түркістанда өткен республикалық жарыста жерлесіміз Айару Ермекова жүлдегер атанды

ТҮРКІСТАН, 25 қаңтар 2026 жыл — Қазақстанның рухани астанасы Түркістан қаласында өткен Кекушинкай Каратэ республикалық турнирде Ермекова Айару үздік өнер көрсетіп, құрметті 3-орынды иеленді.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спортшыларының арасында Айару өзінің шеберлігі мен жеңіске деген ерік-жігерін дәлелдеп, қола жүлдені қанжығасына байлады.
Бұл жеңіс — тек Айарудың ғана емес, оның жаттықтырушылары мен қолдау көрсеткен жақындарының ортақ жетістігі. Түркістан төріндегі бұл марапат алдағы үлкен белестердің бастамасы боларына сенімдіміз.