Жаратылыстану онкүндігі қорытындыланды: «ECO Startup» конференциясы өтті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » Жаратылыстану онкүндігі қорытындыланды: «ECO Startup» конференциясы өтті
24
апрель
2026

Жаратылыстану онкүндігі қорытындыланды: «ECO Startup» конференциясы өтті

Бүгін, 24 сәуір күні, мектебімізде «Жаратылыстану – ізденіс пен тәжірибе арқылы білімге жетелейтін ғылым әлемі» он күндігінің салтанатты жабылуына орай «ECO Startup» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Мақсаты: Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, жаратылыстану бағытындағы білімдерін практикалық зерттеулер мен инновациялық стартап жобалар арқылы тереңдету.
8-10 сынып оқушылары өздерінің экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық жобаларын қорғап, зерттеушілік қабілеттерін көрсетті. Конференция нәтижесі бойынша жеңімпаздарды анықтадық:
🏆 **БАС ЖҮЛДЕ:** 8 «А» сыныбы (Ерекше идея мен жобаның өзектілігі үшін!)
🥇 **1-ОРЫН:** 9 «А», 9 «Ә» сыныптары
🥈 **2-ОРЫН:** 8 «Ә», 10 «Ә» сыныптары
🥉 **3-ОРЫН:** 10 «А» сыныбы
Барлық қатысушыларды жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Сіздердің жобаларыңыз — болашақ жасыл әлемнің алғашқы қадамдары.
#ECOStartup #ЖаратылыстануОнкүндігі #ҒылымӘлемі #17ЖОББМ #ЖасҒалымдар #ЭкологиялықЖоба