10
сентябрь
2026
Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті
2026 жылғы қыркүйек айында КММ «№17 жалпы орта білім беретін мектепте» 2026–2027 оқу жылының басталуына орай жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың мақсаты – өткен оқу жылының қорытындыларын саралау, жаңа оқу жылындағы негізгі міндеттерді айқындау, білім алушылардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелерді талқылау және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Жиналыс барысында мектеп директоры Жұмаканова Райгуль Ешенгазиновна 2025–2026 оқу жылы бойынша мектеп жұмысының қорытынды есебін ұсынды.
Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Байбосынова Фарида Тоқтаровна білім алушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасына талдау жасап, оқу үдерісінің негізгі нәтижелеріне тоқталды.
Оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Тілеуханова М. Т. 2025–2026 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстар мен мектепішілік жобалардың іске асырылу қорытындыларымен таныстырды.
Тәрбие бағыты бойынша Оразбаев Е. Н. және Джумагулова Д. Д. 2026–2027 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын таныстырды. Атап айтқанда, «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы, «Таза Қазақстан» бастамасы, «Заң және тәртіп» қағидаты, мектепішілік бақылау ережелері, жол қозғалысы қауіпсіздігі және мектеп формасына қойылатын талаптар туралы түсіндірілді.
Мектеп психологтары Масанова И. Б. және Базарова Э. Н. білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және отбасы мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Затон полиция бөлімінің лейтенанты Рахимова Д. Е. ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, маңызды ұсыныстар берді.
Мектептің әлеуметтік педагогі Базарова Н. С. білім алушыларды тегін ыстық тамақпен қамту, мектеп асханасындағы тамақтануды ұйымдастыру тәртібі, ваучер және Face ID жүйесінің жұмысы туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, жиналыста 2026–2027 оқу жылына арналған жалпы мектептік ата-аналар комитетін сайлау мәселесі қаралып, ата-аналар қауымдастығымен бірлескен жұмыстың алдағы бағыттары белгіленді.
Жиналыс соңында ақылы білім беру қызметтері және өзге де ұйымдастырушылық мәселелер бойынша ақпарат беріліп, ата-аналардың сұрақтарына жауап берілді.
Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы мектеп пен ата-ана арасындағы тұрақты байланысты нығайтып, бала тәрбиесі мен білім сапасын арттыруда ортақ жауапкершіліктің маңызын айқындады.
Бала тәрбиесі – отбасы мен мектепке ортақ міндет. Бірлескен жұмыс пен өзара қолдау – саналы, білімді және қауіпсіз ұрпақ тәрбиелеудің негізі.