Қамқоршылық кеңестің құрамына қабылдау жарияланады » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » Қамқоршылық кеңестің құрамына қабылдау жарияланады
02
сентябрь
2026

Қамқоршылық кеңестің құрамына қабылдау жарияланады

Семей қаласының «№17 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де 2026–2027 оқу жылына арналған Қамқоршылық кеңестің құрамына қабылдау жарияланады.
Қамқоршылық кеңестің жұмысы мектептің дамуына қолдау көрсетуге, оқушылардың білім алуы мен тәрбиесіне қолайлы жағдай жасауға және мектеп пен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.
Кеңес құрамына кіруге ниет білдірген үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
  1. Еркін нысандағы өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Қазақ немесе орыс тіліндегі түйіндеме;
  4. Білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
  5. Соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын тиісті құжаттар.
Құжаттарды қабылдау мерзімі мен тапсыру тәртібі туралы ақпаратты мектеп әкімшілігінен алуға болады.
Мектебіміздің дамуына бірге үлес қосайық!