«Бір кітап – бір ой» эссе жазу байқауы » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » «Бір кітап – бір ой» эссе жазу байқауы
13
октябрь
2026

«Бір кітап – бір ой» эссе жазу байқауы

«Бір кітап – бір ой» эссе жазу байқауы

Тілдер айлығы аясында мектебімізде 8–11 сынып оқушылары арасында «Бір кітап – бір ой» атты эссе жазу байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқыған шығармасы туралы өз ойын еркін жеткізуге, талдау жасауға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

Байқау барысында оқушылар өздері оқыған кітаптан алған әсерлері мен түйген ойларын қағаз бетіне түсіріп, шығарманың тәрбиелік мәні мен өздеріне берген тағылымы туралы жазды. Қатысушылардың жұмыстары мазмұндылығы, ой жүйелілігі, сауаттылығы және өзіндік көзқарасын жеткізе білуі бойынша бағаланды.

Байқау қорытындысында үздік жұмыстар анықталып, белсенді қатысқан оқушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

📚 Бір кітап – бір ой. Бір ой – жаңа көзқарас!

Ұйымдастырушы мұғалімдер: 
Мұхамадиева А.Ә.
Кузембаева Ч. К. 
Муратова Г. М.