05
май
2026
ҰБТ-ға дайындық
01–30 сәуір аралығында мектепте 11-сынып оқушыларын ҰБТ-ге жан-жақты дайындау мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, мектеп психологтары арнайы тренингтер өткізіп, оқушылардың психологиялық дайындығын арттыруға көңіл бөлді. Сонымен қатар, ата-аналармен маңызды кездесулер ұйымдастырылды. Кездесу барысында ата-аналар өз ой-пікірлерін ашық білдіріп, әр оқушының ҰБТ-ге дайындық деңгейі жан-жақты талқыланып, бақылауға алынды.


Математика және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері Аганасова Г.Ж. мен Нұрмұхамбетова К.С. оқушылармен жеке қосымша сабақтар өткізіп, олардың барлық сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Сонымен қатар, білім деңгейін анықтау мақсатында тест жұмыстары жүргізілді.

