Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтеу (ББЖМ)
Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтеу (ББЖМ)
12.05.2026 ж
2026 жылғы 12 мамыр күні білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтеу (ББЖМ) аясында диагностикалық-талдамалық жұмыс өткізілді. Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі – Қазақстан Республикасындағы білім сапасын бағалауға бағытталған ұлттық зерттеу болып табылады.
ББЖМ–2026 Қазақстан Республикасының Ұлттық білім сапасын бағалау жүйесінің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі саналады. Бұл зерттеу білім беру жүйесі, білім беру ұйымдары және білім алушылар деңгейінде жан-жақты талдау жасап, білім сапасын жүйелі түрде бағалаудың сенімді құралы ретінде қызмет атқарады. Сонымен қатар, білім беру саласын халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіруге мүмкіндік береді.
ББЖМ-ның негізгі рөлі:
➢ оқу бағдарламаларын жетілдіру, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру және әдістемелік қолдауды күшейту мақсатында жүйелі деректер жинау;
➢ білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталу;
➢ білім беру ұйымдарының есептілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, тапсырмалардың 10%-ын жариялау және зерттеулерге арналған деректер базасын ұсыну (ББЖМ аяқталғаннан кейін 6 ай ішінде).
ББЖМ–2026 жалпы білім беретін мектептердің 4 және 9-сынып білім алушылары арасында өткізілді. Осыған байланысты 17 орта мектептен барлығы 84 оқушы іріктеліп алынды. Оның ішінде 4-сыныптан – 42 оқушы, алайда белгілі себептерге байланысты 4 оқушы қатыса алмай, тестілеуге 38 оқушы қатысты. 9-сыныптан да 42 оқушы іріктеліп, оның 38-і қатысып, 4 оқушы түрлі себептермен тестілеуге қатыса алмады.
ББЖМ тестілеуі төмендегі кесте бойынша ұйымдастырылды:
• Компьютерлік сыныпты дайындау – 30 минут (07:30–08:00);
• Жүйеге кіру және құпиясөздерді тіркеу – шамамен 10 минут;
• Кіріспе нұсқаулық – 5 минут;
• Тестілеу кезеңі:
– 4-сыныптарға – 154 минут (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану);
– 9-сыныптарға – 189 минут (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және жаратылыстану бағыты бойынша физика, химия, биология, география пәндері);
• Сауалнама жүргізу – 25–30 минут;
• Тестілеуді аяқтау – 5 минут;
• Жалпы ұзақтығы – шамамен 3–4 сағат.
Информатика пәні мұғалімдері: Байсеитова Д К, Аргынгазина Ж Н, Тлеукенже Н Е, Жакеева М А және Шоханов Т Қ техникалық қауіпсіздікпен интернет желісіне жауапты болды.
ББЖМ өткізгенде сыныпта тест әкімшілері: Базарова Н С, Калимолда А Б, Нұрғазақ Е Т кезекшілік жасады.



ББЖМ-ді өткізуде төмендегі сынып жетекшілері барлық дайындық жұмыстарын жасады.
4а – Байтуганова А А , уақытша Абжанова Ж М;
4ә – Оразғали А О;
4б – Сапакова К А;
4в – Меняева Л А;
4г – Жаркова Е В;
9а – Барлыбаева К А;
9ә – Шаяхметова К Ж, уақытша Калиева Ж Б;
9б – Советова М С;
9в – Нурмухамбетова К С;
ББЖМ өткізу барысында ешқандай тәртіп бұзушылықтар мен техникалық қателіктер орын алған жоқ. Оқушылар алдын ала жүргізілген дайындық жұмыстарының нәтижесінде психологиялық тұрғыдан өздерін сенімді әрі сабырлы ұстады.
ББЖМ қорытындылары 6 ай көлемінде, яғни қараша–желтоқсан айларында белгілі болады.

